Әдеп

 

Бір ғұлама, тәрбиесі тым бөлек,

Шәкірттердің қарсы алдына бірде кеп.

Түзу сызық сызып қойып тақтаға,

Сынақ болар сұрақ қойды «Бұл не?» – деп.

 

Біреулері: «Бұл бір деген сан» – деді,

Біреулері: «Бәлкім, жалғыз жан...» – деді.

Біреулері «Таяқша,-деп, тік тұрған,

Улап-шулап айтып жатты әр нені.

 

Бағанадан болып жатқан құр әлек,

Шәкірттерге тақпай ұстаз кінә көп.

– Білмесеңдер, енді біліп жүріңдер,

Бір дегенім – баға жетпес бұл ӘДЕП!    

 

– Деп ғұлама өзі берді жауабын,

Алла берер айтқан сөздің сауабын.

Бір артынан НӨЛ-ді жазып: «Бұл не?» – деп,

Ұстаз адам тағы қойды сауалын.

 

Сол болған соң көзі жетіп көргені,

Бәрі бірдей жауап беріп «НӨЛ!» - деді.

– Жоқ, балалар, БІЛІМ! – деді, бұл деген,

Таң қалысып қалды бұған сенгені...

 

Нөл артынан нөлді жазып тағы да,

– АҚЫЛ! – деді, керек бұл да жаныңа.

Мұның атын: ӨНЕР! – деді ғұлама,

Тағы да бір нөлді қосып соңына.

 

Біреулері мұның сырын кеш ұғып,

Біреулері қағазына көшіріп

Жатыр еді, алдындағы сызықты,

Өз қолымен тастады да өшіріп,

 

Ұстаздары: – Не қалды? – деп сұрады,

Ал шәкірттер кейіпке еніп кінәлі,

Кілең нөлдің қалғанына таңданып,

Бірі күліп, бірі іштей жылады.

 

...Көкжиектен бара жатты күн қайтып,

Мұның мәнін түсінеді кім қайтіп?...

Ақыл, білім, өнеріңнің ӘДЕПСІЗ,

НӨЛ екенін ғұлама адам тұрды айтып.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Хұсни Еркінқызы

    2013-01-18 00:11:55

    Терең мағыналы өлең. Осындай ғибратты, өсиетті өлең жазып жүрген ақын ағаның ғұмыры ұзақ болғай!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Молдир

    2013-01-15 22:49:42

    өте керемеееет

    Пікірге жауап жазу

  • Ұлеке

    2012-11-25 08:15:57

    Өте керемет жазылған, Аллаһ тағала разы болсын!

    Пікірге жауап жазу

  • Акбота Атихалыковна Исмаилова

    2012-11-12 18:20:17

    Оте магыналы , биз сиякты жас урпакка ой салатын , тарбие беретин жане токсан ауыз создин тобыктай туйинин карапайым сандармен корсетип тур !!! Маган катты унады !!!

    Пікірге жауап жазу

  • Ақбота

    2012-05-12 23:47:46

    Расында да, осыншама ғажайып ойды өлең шумақтармен жазған Қалқаман ағамның өзі ғұлама деп білемін... Мен де өзіңізге ұқсап жақсы ақын болуға тырысып жүрген із басарыңызбын! Өнеріңіз үстей берсін! Алланың нұры жаусын!!!

    Пікірге жауап жазу

    • альбина

      2012-12-03 18:20:48

      арине сынга тускен бул заманда жас урпактын келешегин болжап билу киын ак.Мине осындай олендер коптеп жазылса нур устине нур болар еди.

      Пікірге жауап жазу

  • Жулдыз

    2012-02-20 20:39:46

    жаксы олен екен! менин тилегим бастауыш сынып ана тили китаптарына осындай олндер шыгарылса екен. Ари магыналы тусиникти. мен болашак мугалиммин. рахмет

    Пікірге жауап жазу

  • Айсамал Абдрахманова

    2011-12-29 03:46:23

    keremet,

    Пікірге жауап жазу

  • Умама

    2011-12-26 00:17:56

    ия, керемет.
    мен осы өлеңнің мағынасына сай келетін әңгімені оқығаным бар еді...
    расында өте тамаша!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Жұмахметова Нұргүл

    2011-11-13 21:25:45

    Керемет!

    Пікірге жауап жазу