Өмір өлшемі (азан мен намаз)

 

Құдайға құл екенін күнде айғақтап,
Көрмеген тірі жанды бір ғайбаттап.
Оңаша ойға батып отырды қарт,
Жанында немересі жүрді ойнақтап.

Маңдайдан бала терін тамшылатып,
Қасына келді дағы шаң шұбатып.
Ерке ұлға ес кіргендей:
– Ата! – деді,
– Ғұмыры бір адамның қанша уақыт?

Сұрақты күтпегенмен дәл осындай,
Қария жауап берді баласынбай.
– Ғұмыры бір адамның түсінгенге,
Азан менен намаздың арасындай!

Алланың пендесіне көп сынағы...
Қарт адам ойын солай топшылады.
Таң қалып немересі:
– Адамдардың
Өмірі неге қысқа? – деп сұрады.

– Қорықпай, ой жүгіртіп қарашы, әкем,
Жаныңа болсын сабыр, парасат ем.
Қамшы ғұмыр – «намазсыз азан» менен
«Азансыз намазыңның» арасы екен.

– Санама жауабыңыз тіпті сіңбей,
Сөзіңді тұрмын, ата, түк түсінбей?
Ақсақал әңгімесін жалғастырды
Жас ұлдың жүрегіне жүк түсірмей:

– Өткенде есіңде ме, тыңда, балам,
Көрші үйде сәби туды іңгәлаған.
Сәбидің құлағына азан айтып
Ат қойып бермеп пе еді діндар адам?!

– Соған куә қылды ма көрші бәрін?
– Айналдым ақылыңнан, жөн сұрағың.
Намазы сол азанның оқылған жоқ,
«Намазсыз азан» деген сол шырағым!

Өмірге келу – қызық, қайту – қайғы.
Амалың, сауабыңды айқындайды.
Ал адам өлген кезде оқылатын
Намаздың азаны, ұлым, айтылмайды.

«Азансыз намаз» деген осы, қарғам,
Өлім – хақ, тұратұғын тосып алдан.
– Неге азан шақырмайды?
– Тоқта, бала,
Ұмытпау керек мұны есі бар жан.

Бүгінгі емес, бақилық бақытты ойлан,
Қайтатұғын келеді уақыт тойдан.
Ол намаздың азанын, есіңде ме,
Адам туған кезінде оқып қойған...

Бес парыз бұйрық болып жетсе Алладан,
Мүміндер сан сауаптан кеш қалмаған.
Сондықтан құлшылық қып аз ғұмырда,
Сәт сайын бір Алланы еске ал, балам.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Асылов Азамат Оралбекұлы

    2013-04-11 10:28:06

    Сіздің өнеріңізге тәнтімін. Жарқын да жанарлы өнеріңіздің шуағы ешқашан толастамасын, текқана алға бассын. Рахмет

    Пікірге жауап жазу

  • Жусiпов Кайсар

    2013-03-25 00:43:34

    Ассалаумагалейкум Калкаман ага,шабытыныз шындала берсiн.Сiздi сахна торiненде корген едiм,шабыттын тулпарын ерiктеп мiнiп журген сiздiн устаздык акыл кенесiнiз алгым келедi.
    Эй,гашык жан журегиме унилши сыр актарам.Ешбр жан сен секлди б0ла алмайды брак маган.Слкым сулу сзлган коп екен г0й.Конлм оларды унатпаган.К0рсем сени жургендимин бул омирдн жумагнда.Крсгп жауап катпаи койдн гой сурагыма.Такаппарлык таблмас деп бойнда.Крпгме жас тусти гашык журек жладма?Согп журек,дурслн токтатпаган.Сезмнин шоктктарн от таптаган.Адамга брак журек берген мынау.С0л журектин иесин ж0ктатпагам.Оленменен еслп такпак болдн.Снымды айтп минимди таппак болдын.Тазалгы пак конлдн жбермеди.Болсада киыны каткак жолдын.Алла жалгз калдрмас пендесин бр.Кен кеудем кобалжулы куи кешп жур.Сен ман бермеи булкнип назданганмен.Маган анык коз алдмда журмесин кур.Бата алмадым айтуга бул сезимди.Елктрди елжретп еркi озмдi.Маган мейлi шыдас берип шыдармын-ау.Тек айтарм сен бол тозмди.Кейде отырп куанамын кулмсреп.Гашк болп шн суиппин брнши рет.Жарияга жарсалуга ксламын.Озине аиткан сырларымды угншы тек.Журектен шккан соз журекке жетпеймекен?Тагдрм мени бактсыз ет дЕЙмекен?кулак асп омирдн жазганына.сендк конл озгеге беттей мекен?осылай сан суракка ж0лыкканмын.брде жудеп,брде толыкканмын.бреуди унатсан жеткзе бл.бул сезмнен бариненде сол укканым_КАЙСАР ЖУСИПОВ 06,12АЙ.12ЖЫЛ 02:27
    Гашык болу онай унап калганДалелдеу гой киыны сыр актарганШын сез1мд1 жетк1зе б1лсен егерЖуректе б1р, ум1т оты туракталган.Тозбед1мбе б1лмейм1н сынакталгамМахаббатты б1реуден сурапта алгам.Оган неге жакпадым б1ле алмадымАрманымыз б1р ,б1рак талгам?!

    Пікірге жауап жазу

  • Сағитов Асылбек Мұхитұлы

    2013-02-08 12:35:17

    Қалқаман Сариннің өлеңдері сансыз сауалдың жауабын табуға көмектесетін құдірет.

    Пікірге жауап жазу

  • Акбота Атихалыковна Исмаилова

    2012-11-12 18:53:38

    "Алла" деген алданбайды,
    " Кудай" деген кем болмайды, -деген екен .

    Пікірге жауап жазу

  • Gulmarzhan Koszhanova

    2012-09-28 14:47:00

    Kalkaman aga,men sizdin wigarmawiliginizdi suip okimin,sizdin kitaptarinizdi kaidan aluga boladi???

    Пікірге жауап жазу

  • Жаннат Бек

    2012-09-25 03:33:53

    Ассалямуалейкум!!МашАллах!!Олен керекмет жазылган!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Гулжанат Алкожакызы

    2012-07-28 18:03:57

    Осы оленди оки отырып маркум Сабыр атамнын гибратты ангимелери есиме оралды.Болашак урпак осындай ерекше оленнен улги алса Казак елинин ертенги куни нурлы да жарык болары айдан анык,Алланын Нуры Жаусын Калкаман ага!

    Пікірге жауап жазу

  • Есімқұлов Нұрлан

    2012-07-19 04:04:47

    Ассалаумағалейкум Қалқаман аға сізді әрқашанда Алла қолдасын.Сізге шығармашлық табыстар тілеймін. Өлеңдеріңіз керемет шынындада уйықтап жатқан жүректерді оятады.Өлеңдеріңізді оқып керемет әсер алдым сол үшін сізге рахмет айтқым келеді.

    Пікірге жауап жазу

  • Есімқұлов Нұрлан

    2012-07-19 04:04:24

    Ассалаумағалейкум Қалқаман аға сізді әрқашанда Алла қолдасын.Сізге шығармашлық табыстар тілеймін. Өлеңдеріңіз керемет шынындада уйықтап жатқан жүректерді оятады.Өлеңдеріңізді оқып керемет әсер алдым сол үшін сізге рахмет айтқым келеді.

    Пікірге жауап жазу

  • Мержан

    2012-06-25 19:56:35

    respect bazar jok olen

    Пікірге жауап жазу