Бұл өмір...

 

Бұл өмір қысқа, құстың тұмсығындай,

Жастығың жара бермес бүршік ыңғай.

Өкініп өткен күнге өксігенмен,

Жуарсың көңіліңнің кіршігін қай?

 

Бұл өмір – ойнап жүріп от басулар.

Кездейсоқ кездесулер, қоштасулар.

Таусылған тағдырларды теңдеп алып,

Келмеске кеткен сонау көп ғасырлар.

 

Бұл өмір – жауабы жоқ, сұрағы бар,

Алдамшы арзан бақтан кім арылар?

Қаңтарда көбелек боп жауған қардың,

Көктемде көз жасына куә қылар.

 

Бұл өмір – кімге мәнді, кімге мәнсіз?

(Сағымдай бірде жоқсыз, бірде барсыз).

«Қар жаумай, қазан ұрмай солып қалар»,

Қайтейін ғұмырымды гүлден әлсіз.

 

Бұл өмір – бізге мәлім өткел сынды,

Өтем деп сол өлкелді көп тер сіңді.

Жазғырып Жаратқанды жылаймыз-ау,

Жүргендей қатар кешіп от пен суды.

 

Бұл өмір өтпес, өтсек біз өтерміз,

Қыс, Көктем, жасыл Жаз бен Күз екенбіз.

Тұншығып жасына әбден көзіміздің

Бір күні еріп кетер мұз екенбіз.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Садуакаскызы Назерке

    2012-12-03 16:27:15

    Калкаман Сарин агамыздын олендери оте тамаша!Алла сизге жар болсыне!осындай акындарымыз кобейе берсин

    Пікірге жауап жазу

  • Хабибуллинова Гүлден Темірбекқызы

    2012-11-23 13:33:48

    көңілден шықты

    Пікірге жауап жазу

  • ЫРЫСБЕК МАМАХАН

    2012-11-14 17:55:36

    Қалқаман аға рахмет сізге өлеңдеріңізге....

    Пікірге жауап жазу

  • Айкерім

    2012-10-31 10:27:20

    Армысыз Қалқаман аға! Өлеңдеріңіз өте әсерлі екен. Қаламыңыз қарымды болсын. Сізге Алла жар болсын.

    Пікірге жауап жазу

  • Жанерке

    2012-08-25 22:46:51

    Осындай өлендеріңіз үшін көп-көп рахмет!!!!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Сатмухамбетова Қызғалдақ Саметқызы

    2012-08-10 11:28:26

    Қалқаман аға, сіздің әрбір жазған өлеңдеріңізді сүйсініп, ойға батып оқимын. Әр өлеңіңізді бірнеше қайтарып қалай қалықтап ой жетегіне ергенімді байқамай қаламын. Әрқашан осылай жыр әлемінде шарықтап самғай беріңіз, қанатыңыз талмасын. Елімізде сіз сияқты ағаларымыз көп болса деп тілеймін.

    Пікірге жауап жазу

  • Сейдалы Айдана

    2012-07-21 14:49:45

    aga irzamin oleninizge bazar jooooook

    Пікірге жауап жазу

  • Сембиев Жанайдар Жанболатұлы

    2012-06-21 17:57:57

    Аға өлеңдерін керемет екен.
    Мұқағали ағамыз айтып кетіп еді"Туады алі нағыз ақын,таңдайынан ән мен жыр тамызатын деп сол сіз шығарыз"

    Пікірге жауап жазу

  • АйдароваБаян

    2012-06-21 13:55:18

    Аға маған сіздің олеңдерініздің барлығы ұнайды.Тек коңіліме жақыны ОҚЫРМАН ҚЫЗ өлеңі.Мол әсер алдым.Сізге рахыметімді айтқым келеді.Бізді ары қарай да қуанта беріңіз.Расында олеңдеріңіз жас ұрпақтың тәрбиесіне көмектесе алады деп ойлаймын.Біз секілді жастарды сіздей азаматтар тәрбиелесе,болашақта біздер елге пайдалы,қоғамға керек азаматтар боларымызға анық сенемін.Ал БҰЛ ӨМІР өлеңі өте жақсы жазылған.Сізге алғысымды білдірем.

    Пікірге жауап жазу

  • Ербол Кайыров

    2012-05-12 15:15:44

    Ассалаумагаликум.олендериниз оте керемет онериниз орге жузсин.денинизге саулык басынызга амандык тилейм.

    Пікірге жауап жазу