Әбіл-Серік Әбілқасымұлы: "Пейзаждық лириканың падишаһы"

Әдебиет әлемінде соны леп болып келген жас ақындарымыздың бірі – Қалқаман Сарин

Қазіргі жастардың неолирикалары ешкімді бейжай қалдырмайды, қайта өзіне ынтықтырып тарта түседі. Әлемдік деңгейде жаңаша жазатын өзіндік ой мен өзіндік жазу мәнері әрі тұрақты мотивтері бар, түбінен қопара көтерген өзіндік қалыптасқан діни-философиялық дүниетанымдары бар олар өзімен санасуды әдеби сын және әдебиеттанушылардан талап етіп отыр. Әдебиет әлемінде соны леп болып келген жас ақындарымыздың бірі – Қалқаман Сарин.

Міне, осындай жастар табиғатты қалай жырлап жүр? Мәселе сонда, қазақ пейзаждық лирикасы – ¬¬ әр әдеби буынның алдындағы алынбас қамал. Осы қамалды өлеңмен жаулап алуға олардың көпшілігінің дәті бара бермейтіні де рас. Махаббатты бастан кешпеген ақын жоқ, ал Табиғат-ананың болмысын жыр тіліне іліндіру – ¬қиынның қиыны. Махабатты жырлауда сарыуайымға салынуға да болады, қиялдағы ару мен өмірдегі сұлуыңды сөздің сөлін сығып, көкке көтере дәріптеуге де болады. Қысқасы, барды жоқ қыла аласың, ал Табиғат-ана өзіне қатысты қалам тартқан шақта бұндай алып-ұшпа сезім мен асыра сілтеп ой түюіңді еш көтермейді.

Толығырақ:

Абай МАРКЕНОВ: "Қалқаман Сарин"

Ол бір ақын, бір жұлдыз биіктегі,

Жарық сәуле сөнбейтін күйіп тегі. 

Тұнған бұлақ ағылған мөп-мөлдір жыр,

Құстар қонып, су ішкен киіктері.

 

Дала жыры аңқыған қазағымның,

Қалқамандай жыры бар таза кімнің?!

Ақ жаулығын Ананың желбіреткен,

Ал Әкенің суреттеп қаза күнін...

 

Анық көрдім «Арманның бейнесінен»,

Бір бақытты кетпейтін кейде есімнен.

Ай астынан бір сұлу қол бұлғайды,

Аппақ елес ақ көйлек жейдесімен.

 

Түн күзетіп оңаша отырғанда,

Шабытымнан қара сөз тоқылғанда.

ҚАЛҚАМАН-деп аспанға жазар ма едім,

Жұлдыздармен өрнектеп оқырманға…

Бауыржан ӘЛІҚОЖА: "Арқаттан ескен керімсал (немесе «Арманымның бейнесі» жөнінде бірер сөз)"

Мен Қалқаман Сарин есімімен кейінгі жылдары елге кеңінен танылған, қазіргі тілмен айтқанда «хит» әндер, атап айтқанда «Жібек сезім», «Алланың бары-ақиқат», «Алтыным-ау», «Күзгі бақ» арқылы таныстым. «Жаным» мен «таңымды» ұйқастырған әндерді көп есіткесін бе, мұның сөздері жұп-жұмыр, кедір-бұдыры жоқ екені бірден сезіліп тұрды. «Жүрекке жылы тиіп» бөлекше әсерге бөледі. Ән мен сөз үйлесімі осы болса керек. Иә, Қалқаман қазақ эстрадасына поэзия әкелді. Ән мәтіндерін жазып жүріп поэзиясын жоғалтқан ақындар көп қой. Енді мені, ақын өлеңдерінің дәрежесі қандай екен деген ой мазалай бастады. Әртүрлі сайттарды ақтарып өлеңдерін оқи бастадым. Орнықты жазылған жанды жырлармен қауыштым. Бірақ, бұл бірді-екілі туындымен ақынның бағасын анықтауға болмас. Поэзия тұтастықпен өлшенеді. Сондықтан толық қарымын танытатын шығармалар жинағымен таныссам деп жүретінмін. Жақында қолыма  «Арманымның бейнесі» атты жыр жинағы түсті. Парақтай бастадым,  тілі жеңіл, мұңы мен сыры терең ақын мені иіріміне тарта бастады. Шынайы жазылғандықтан болар бір деммен оқып шықтым.

Толығырақ:

ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА: Сезім болып төгілген жібек жырлар

 Қалқаман Сариннің өлең-жырларын күнделікті баспасөз беттерінен бұрын кездестірген емес едім. Кішкене радиоқабылдағышымнан «Жібек сезім» деген әнді естідім. Әуелі пәлендей мән бермеп едім, екінші рет естігенде әбден рахаттанып тыңдадым.

«Жібек сезім» - керемет ән!
  Соңғы жылдары қай топыраққа тамыр жайганы белгісіз, әуеннен жұрдай, сарт- сұрт ритммен онсыз да елеуреген жастарды еліктіретін әнсымақтар көбейіп кетті және оларды ұялмай - қызармай теледидардан, радиодан беріп жатады. Оларға «мынауың ән емес, айқай, сондықтан мұныңды қой» дейтін ешкім жоқ.
Сонымен «Жібек сезімнің» әуеніне тонның ішкі бауындай жарасып тұрған сөзін жазған ақынды таптым.

Толығырақ:

БАУЫРЖАН ХАЛИОЛЛА: Сиқырлы жырлар сәулесі (Қалқаман Сариннің тұңғыш жинағы жайлы бірер сөз)

Кейде қатарымызда иық теңестіріп жүрген замандасқа немқұрайды қарайтын қазақы салақ әдетіміз бар. Ал, алыс кетсе сағынып, көз жазып қалсақ құлазитынымыз  өмір заңы. Өнер жо-лындағы менің көптеген достарым еліміздің әр түкпірінде. Қышлақтың қуысында жатып соларды еске алғаннан асқан қасірет һәм ләззат жоқ шығар. Қырып-жойып келмесем де айтыс деп арқаланып барғанда үзеңгілес әріптестермен шүйіркелесу ол бір ғанибет. Сондай бір сонарда астаналық (қазір астаналық деген дұрыс па, себебі, Семейдің тумасы) ақын досым, кезінде айтысымен де көрініп, кейін бұл өнердің «көзіне шөп салып кеткен» Қалқаман Сарин «Арма-ным-ның бейнесі» деген шағын да сапалы шыққан жыр-жинағын сыйға тартты. «Той қуып жүрген асабадан толымды сөз туар деймісің» деген іштей менмендікпен алдым да сөмкеме сүңгіте салдым. Кейінірек ырду-дырдудан қол босағанда әлгі жинақ есіме түсіп, парақтап қарасам, Фариза апам алғысөз жазған екен. «Еее, мынау тегін болмады, менің мінезді апамның назары кез келген жазғышбекке аумайды» деп ыждағатпен оқи бас-тадым. Өте ұқыпты алты бөлімнен тұратын туындының алғашқысы «Алланың бары  ақиқат» деп аталады. Сөйтсем, қазіргі көпшілік ұйып тыңдайтын жезтаңдай әншіміз Мейрамбек Беспаев күңіреніп айтатын,

Толығырақ: