#1 Сұрақтарға жауаптар

 

Тимур Бектұр: Сіздің kalkamansarin.kz - авторлық сайтыңыздың ашылғанына, халыққа жол тартқанына жарты жыл уақыт болды. Сайтыңыздың мақсаты – оқырмандарыңызға өлеңдеріңізді де, сөзіңізге жазылған әндерді де бір жерге топтастырып, сіздің өнеріңіздің жанашырларына құнды дүние жасау еді. Осы жарты жыл аралығында сайт арқылы шығармашылығыңызбен танысып, өлеңдеріңізбен сусындаған біршама оқырмандардан жылы дебіздер, тілектер толастаған жоқ.

Сонымен қатар, сіздің шығармашылығыңызға қатысты өз сұрағын жолдағандар да бар. Сіздің сайтыңыздың негізгі ұстанымы да осы оқырмандарыңызбен ой бөлісіп, ғаламтор әлемінде байланыс орнату болғандықтан, сұрақтарды жауапсыз қалдырған орынсыз сияқты. Бес ай көлемінде жинақталған сұрақтар іріктеліп алынды. Оның алғашқысы - Сапарбаев Тұрар деген ініңіздің жолдаған сауалы. «Өлең жазғанда қандай тақырыпты және нені алға тартасыз? Мен де артыңыздан ерген ақындардың бірі едім, ақындықтың сырларын үйрете аласыз ба?» деген сұрақ екен.

 

Қалқаман Сарин: Ақынның басты міндеті – жазу ғой. Әрине кейбір тақырыптарды жазуға бейім, сол тақырыпта көсіле түсетін ақындар бар. Әр ақынның өз стилі, өз қолтаңбасы бар. Ақынды қоғамда басты қозғаушы күш ретінде қабылдайтын болсақ, ол қоғамда болып жатқан іс-шараларға немқұрайды қарамау керек, шығармашылығымен ат салысу керек деп ойлаймын. Ал менің бағытым лирикалық жанрға жақын. Өлең жазатын бауырым болса, хабарлассын, көмектесейік. Өлең жазуды, ақын болуды үйрететіндей ол - мамандық емес. Алла Тағалла бойына берген өнер болса, бағыт-бағдар беруге, ақыл-кеңес беруге дайынбыз.

 

Тимур: Келесі сұрақты Раха деген азамат не азаматша жолдаған екен: «Ақынның жүрегі қашанда жалғыз ба? Неге жалғыз?»

Қалқаман: (күліп алады) Жалпы бұл сұрақты екі жақтан қарауға болады. Ақынды елдің мұңын мұңдайтын, жоғын жоқтайтын жалғыз адам ретінде есептейді ғой. Шебер шумақтарын жеткізіп, жырларын жазып жатқанда, әрине, ақын - жалғыз. Түнде, қиялға ерік беріп, өзі жалғыз отырып, жыр жазады. Сол жағынан қарамасақ, оқырманы бар ақын ешқашан жалғыз болған емес. Жалпы жер бетінде ақынын қазақ халқындай құрметтейтін ел жоқ шығар.

 

Тимур: Жадыра деген қарындасыңыздан «Жұматай жазбаған жырды кімге арнағаныңызды білсем бола ма?» деген сұрақ келіпті.

Қалқаман: Менің түсінігімде өлеңнің кімге арналғанын білдіретін пікір берілмейді. Ол біреуге арналған болса, шекесінде кімге арналғаны жазылып тұруы керек. Жалпы өлеңнің жасырар сыры, жұмбағы болу керек.

 

Тимур: Әселек деген оқырманнан келген сұрақ: «Неліктен күзге ғашықсыз?»

Қалқаман: Менің жырларымның көбісі күзде жазылады. Басқа мезгілдерге қарағанда, менің шығармашылығыма күз көбірек әсер ететін сияқты: қоңыр мұң, сағыныш, мезгілдің өзінің қоңырқай түске берілуінің өзі жыр тууына ықпал ететіндей. Бұл әдейі қолдан жасап алған, “Муза” дейтін нәрсе емес.

 

Тимур: Нұрсұлу Тілекова деген қарындасыңыздан тағы бір сұрақ. «Сіздің шығарған өлеңіңізді әнші, композиторлар сұрап ала ма, әлде өзіңіз ұсынасыз ба?» деген екен.

Қалқаман: Ұсыныс арқылы туатын дүниелер ғой. Мен өзім жазған өлеңімді біреуге ұсынып, осыған ән жазыңызшы деп көрген емеспін. Ақын мен сазгердің арасында дәнекер болатын - әнші. «Осындай бір ән бар, соған сөз жазып берсеңіз» деп ұсынып жатады немесе сазгерлер өз ұсыныстарын жасап жатады.

 

Тимур: Осы Нұрсұлу қарындасыңыздан келген тағы бір сұрақ: «Шығармашылықтан басқа қандай шаруалар қолыңыздан келеді? Мысалы: үй шаруашылығы, үй жинау, тамақ пісіру, кір жуу?»

Қалқаман: Шығармашылықтан басқа Еуразия Ұлттық Университетінде ұстаздық қызметім бар. Үй шаруашылығымен, бала тәрбиесімен айналысатын адам бар (күліп). Ал жалпы студент кезде өз тамағымызды пісіріп, өз кірімізді өзіміз жуып жүрдік қой. Қазір ондай мұқтаждық жоқ.

 

Тимур: Келесі сұрақтың авторы – Нәзира деген қыз. «Сағынбауға қақыңыз жоқ жан кім? Кімді сағынасыз?» дейді.

Қалқаман: Бұл – студент кезімде жазылған өлең. Мұны оқырмандар қазір оқиды да жауабын қазір іздейді. Қазір өмір сүру, көзқарас, бәрі өзгерді ғой.

 

Тимур: Сүбхазиева Санжарқын деген оқырманыңыздан «Қай рудансыз?» деген сұрақ келіпті...

Қалқаман: Нағыз қазақ болыппыз ғой. Қожамын, маңызды болса егер...

 

Тимур: Келесі сұрақ Арсен Тұрғанбаев деген ініңізден, Семейден екен. Екі сұрағы бар.

1. Табиғат берген біраз дарын еді, соны қалай жетілдірсе болады?

2. Әлбетте қай адам баласы болмасын, артынан із тастағысы келетіні анық. Мен де солардың қатарындамын. Кітап шығарғым келеді, бірақ ондай мүмкіндік жоқ. Осы жағынан қандай кеңес бересіз? дейді.

Қалқаман: Дарын деген - Алланың берген сыйы. Ең бастысы өнерге адал болу ғой. Мүмкіндік болса, еңбек ету, өлеңдерін жариялау. Ақындықтың, өлең жазудың бір формуласы жоқ. Бұл жағынан жауап беру қиын. Керемет ақындар көп қой. Бар өнерді тастамай, жаза беру керек, араласу керек, ортаға келу керек. Алматыға, Астанаға. Кітап жағынан мемлекеттік тапсырыспен жас ақындардың өлеңдер жинағы жарық көріп жатыр. Мен кітабымды демеушілер көмегімен жариялағанмын.

 

Тимур: Рахмет, Қалеке. Әдішев Нұрлыбек деген оқырманнан келген келесі бір сұрақ немесе тілек: «Менің анамның 20-ға жуық әні бар, соған сөз жазып беруіңізді сұраймын және сол туындылардың жарыққа шығуына көмектесуіңізді сұраймын».

Қалқаман: Егер ол кісінің әндері жақсы болса, бар әнге сөз жазуға ат салысып жатқан жас ақындар бар, сол азаматтарға берейін. Жіберсін. Мен өзім оның бәріне үлгере алмаймын. Жақсы ән болса, кез келген ақын сөз жазады, жерде қалмайды.

 

Тимур: Келесі сұрақты Ақтаудан Жадыра деген оқырманыңыз жолдапты. «Көп өлеңдеріңіздің бірін қазақтың қайсар, жаны әдебиетке жақын қызы Тамара Асарға арнасаңыз екен. Әрбір қазақ қызының бойында Тамараға тән батырлық, мейірімділік, еңбекқорлық болса екен деймін. Тағы бір тілегім - менің Ғаділбек досыма көңілді әуенде айтуға болатын өлең жазып берсеңіз екен».

Қалқаман: Тамара Асарды жақсы әнші, қазақтың өнерпаз қызы ретінде танимын. Мереке, жиындарда кездескеніміз болмаса, арамызда шығармашылық байланыс жоқ. Өлең арнау да оңай емес, отыра салып арнай салатын. Уақыты келсе, жазылар. Ал енді әнді әншінің өзі таңдайды. Ғаділбек өзінің даусына, болмысына келетін сондай әндерді айтуға құмар болса, ол - өзінің шаруасы. Әншіге мынадай ән айт деуге менің қақым да жоқ.

 

Тимур: Гүлбақыт деген оқырманыңыздың сұрағы: «Сұрар кеңесім: жалғыздықтан қалай арылуға болады? Әке-шешем аман, бауырым бүтін кезде мен неге жалғызсырауым керек деп ойлаймын» дейді...

Қалқаман: Өмірдің  мазасыз бір кезеңі, уақытша нәрселері шығар. Сабыр керек. Әркімнің басында ондай мәселелер бар, сабырлық сақтаған дұрыс. Бәрі түгел, бауыры бүтін кезде жалғызсыраудың қажеті жоқ. Өзі жаңа, өзіне ұнайтын іспен айналыссын. Жалғыздық, әдетте, өзіне ұнамды нәрсені таба алмай жүргенде болады.

 

Тимур Бір оқырманыңыз «Шымкентке қашан келесіз?» десе, бір оқырманыңыз «Ақтауға шығармашылық кешпен жақын арада келмейсіз бе?» деген екен...

Қалқаман: Ол - Алланың қолындағы, уақыттың еншісіндегі нәрсе. Ал енді шығармашылық кешке келсек... Шығармашылық кешімнің Астанада өткеніне жарты-ақ жыл болды. Облыс аралайтындай «ақын» деген әнші не айтыс ақыны, актерлардың қатарына кірмейді. Аудиториясын жинау қажет, жалғыз өзі бармайды, неше әнші не біраз азаматтармен бару керек, мұның бәрі - түсінген адамға үлкен шаруа. Енді оның бәрі болашақта бола жатар...

 

Тимур: Келесі сұрақтың төркініне үңілсек, мұғалім сияқты. Данар деген оқырманнан: «Өз сайтыңызға жанұяңыз туралы аз-маз жазсаңыз екен. Мен де шәкірт тәрбиелеп отырған жанмын, студенттердің сабақтан тыс сұрақтары сіздің жанұяңыз туралы болып отыр»

Қалқаман: Жарым бар. Аянат, Інжу деген екі қызым бар. Үлкен қызым алтыда, кішкентай қызым төртте. Жұбайым да мұғалім. Аграрлық университетте ұстаз боп қызмет атқарады.

 

Тимур: Қабиден Қуанышұлы атты оқырманыңыз: «Алла бақ берді, оны көтерерлік сабыр берді. Тағы не тілер едіңіз?» дейді.

Қалқаман: Бауырым дұрыс айтады. Ендігі тілегім осы екеуінен – бақтан, сабырымнан айырмасын деп тілейм. Берген бағының қайырын берсін деймін.

 

Тимур: «Арманымның бейнесі» атты шығармашылық кешіңізде өлеңдеріңізді оқыған қыз-жігіттерді қалай іріктеп алдыңыз? Мен де солар сияқты сіздің өлеңдеріңізді оқығым келеді» деген екенін бір оқырманыңыз.

Қалқаман: Кешімнің режиссерлық жағын жүзеге асырған досым, үлкен өнер адамы, «Бәйтерек» тобының әншісі – Сайлау деген азамат. Сайлау өзі актерлықты Алматыда бітірген, театр сахнасында жүрген азамат және Астанадағы Өнер Ұлттық университетінің ұстазы. Сол университеттің 1-2 курс студенттеріне, өз шәкірттеріне өлеңдерімді оқытып, өзі кештің режиссерлығын қолына алды. Өзі жастарға оқытқан дұрыс деп шешті, мен қосылдым.

 

Тимур: Келесі сұрақ Мейірмангүл деген қарындасыңыздан: «Аударманы қай тілден жасайсыз? Қандай тіл білесіз? Аударма жасаудағы мақсатыңыз?» деген үш бірдей сұрақ қоюда.

Қалқаман: Аударманы түпнұсқасынан аударуға ден қойып, шет тілін меңгерген ақындар бар. Өзім орыс тілінен аударамын. Аударманың басты мақсаты – бізге әлем әдебиетімен де таныс болу керек, жұрттың бәрі шет тілін біле бермейді. Өлең болған соң оны да өз ана тілімізге аударсақ деген ой. Ол – Абайдан келе жатқан дәстүр. Кешегі ақын аға-әпкелеріміздің өзі аудармаға қалам сілтеген. Сондықтан бұл - мансап қуған мақсат емес.

 

Тимур: Түсінікті. Осы жерден өз тарапымнан бір сұрақ: осы аудармаларыңызға аға буыннан, өзіңізден жасы үлкен ақындардан қандай лебіздер не қандай сын-пікірлер алдыңыз? Байқап жүрмін, сайтыңыздағы «Аудармалар» бөліміне кірушілер саны өте аз екен...

Қалқаман: Иә, аударма – көп оқылмайтын өлең. Поэзияның ішінде де көп оқылатыны - көңіл-күй, сезім, махаббат төңірегіндегі тақырыптар ғана. Қай сала болсын, эстраданы алсаңыз да, сол тақырыптағы әндер сұранысқа ие. Бұл енді аударманың жалпы өз басындағы проблема.

 

Тимур: Сіз артыңыздан ерген жас буын өкілдеріне, жас ақындарға қандай көзқарасыңыз бар? Олармен таныссыз ба? Бағыты жайлы не айтасыз? Лебіз, пікіріңіз...

Қалқаман: Атын атамай-ақ қояйын, бәрі жақсы жазады. Қазақ поэзиясы мәртебеге ие болған. Менің риза болатыным, жастар поэзиясында иманды, сауатты ақындардың бар екендігі қуантады. Жас ақындардың қазір мүмкіндігі бұрынғы ақындарға қарағанда мол.

 

Тимур: Келесі соңғы сұрақ, дұрысы сұрақ емес, ақыл-кеңес сұраған екен:

«Поэзия әлеміне еніп кірдім,

Мені де қолдайды деп, сеніп кірдім.

Мұқағали тастап кеткен домбыраны

Қолыма алып, өзімше шертіп кірдім.

Не іздедім, шынымды айтсам, білмейді екем,

Тілімді сан ойларым күрмейді екен.

Сары аяз кеп тұмсықтан сүйген кезде

Төбеттер де қыңсылап үрмейді екен.

Жан іздедім өлеңмен сырласатын,

Шумақтың әлемінде мұңдасатын.

Қаламының сиясы әріп болып,

Сөйлегенде құлағын құм басатын.

Өлең ғо өздеріңмен табыстырған.., - деп Айдарбек Әнуарбек атты ініңіз өлең қалдырыпты да осы өлеңге баға беруіңізді сұрапты.

Қалқаман: Біреуге баға беру, ақыл айту деген нәрседен аулақпын. Мына өлеңді жазған жас ақын ғой деймін. Өлеңнің көркемдік жағына көңіл бөлу керек, мақсаты, айтар ойы болу керек. Шындықты айтатын болсақ, мынау керемет өлең деп айтатындай емес, бауырым ренжімесін. Бірақ, өлеңге деген махаббаты аңқып тұр. Сондықтан қуаныштымын. Жақсы өлеңдер жаза берсін!

 

Тимур: Рахмет, Қалеке! Оқырмандардан келіп түскен сұрақтардың біразына жауап алдық. Енді өзіңіздің оқырмандарыңызға пікір, тілегіңіз, қандай сәлеміңіз бар?

Қалқаман: Өзіміз уәде еткеніміздей, сұрақтарыңызға жауап беріп тұрамыз. Мүмкіндіктер болмай, жауап бере алмай қалған сәттер болса, кешірім сұраймын. Оқырмандардан «Қашан жауап бересіз?» деген сұрақтар да келіп жатты. Оқырмандарымды сыйлаймын, құрметтеймін. Кеш жауап беріп жатқаныма тағы да кешірім сұраймын. Қашан да шығармашылығыма табыс тілеп жататын оқырмандарыма көп-көп рахмет айтам. Алла разы болсын! Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Бастарыңыздан ырыс, бақ кетпесін! Тимур, өзіңе де рахмет осы сайттың ашылуынан бастап, оқырмандарыммен қауышуға ат салысып жатқан! Алла разы болсын!

 

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Кайназар Аружан

    2012-08-16 16:25:47

    Егер сиздин тагы да кештериниз отип жатса, оган баска каланын студенттери немесе окушылары катыса алады ма? Алде миндетти турде Алматы немесе Астана каласынын студенттери болу керек па ? Осы суракка толыктай жауап берсениз. Себеби мен сиздин олендринизге гашыкпын. Жане менин бир арманым бар ол сиздин кешинизге катысып, бир оленинизди оку.

    Пікірге жауап жазу

  • Ағламова Толғанай Болатжанқызы

    2012-08-10 06:08:08

    Әйтеуір жеттім. Жол сілтегеніңізге көп рахмет. поэзияның қайнаған қазанын таптым. Қалқаман аға, оқырмандарыңыздың саны тағы бір адамға артты. Өлшеулі ғұмырды өлеңмен өрген аңыз ақынға айналыңыз. Дәл осы сайт оқырмандарыңыздың жаны рахат тауып, сезім шырынымен сусындайтын мөлдір бастауға айналсын. Шығармашылық шыңдарды, биік белестерді бағындыра беріңіз. Алла разы болсын!

    Пікірге жауап жазу

  • Драиға ДӘУРЕН

    2012-07-24 18:43:46

    мұнда жиі ат басын бұрып тұрам. "Өлең оқып тұрсаң жаның тазарып қалады, қарындасым" деген Исраил Сапарбай ағаның сонау 20 жасымда айтқан сөзі құлағымда қалып кеткеннен де шығар. Жақсы өлең жерде қалмайды. Оқылады. Бірақ мына бауырымның сайтына өз өлеңдерін салып қойған адамды түсіне алмай отырған жайым бар... Біртүрлі... Қабылдай алмай отырғаным...

    Пікірге жауап жазу

  • Ардак Тошынбай

    2012-07-22 09:14:21

    Қайырлы күн! Мен өзім жазған өлеңдерімді Сіздерге жолдасам деймін. Ол мүмкін бе? тағы бір өтініш, Музарт тобына өлеңдерімді ұсынсаңыз.Ол анамның арманы еді. Бір жақсы өлеңіме ән жазса.Ана арманын орындағым кееді: Арине мімкін болса? раххмет. жауап күтемін. 87057780487 Айнагүл анам. ar_fife@mail.ru жауап күтемін. Тағы да алдын-ала рахмет!

    Пікірге жауап жазу

  • айгерім

    2012-07-22 00:13:15

    қалқаман аға, өнеріңізге табыс тілеймір. Өлеңдерңізге тәнтімін. Қояр сұрағым: намаз оқисыз ба? Екінші сұрағым: неше жасыңыздан бастап өлең жаздыңыз? Рахмет!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Нұрлан ИСАЕВ

    2012-07-19 16:30:09

    Бастау

    Аман болсам, әлі жыр жаза берем,
    Ақындыққа қапалы, назалы емен...

    Көріп тұрсам ұлы Абай құлыптасын,
    Ақындық та дерт екен құныққасын...

    Қайтем енді, кеудеге жаһұт толса,
    Жазам жырды бұйырған бақыт болса...

    Шабыт күтсем, оянып ұйқымнан да,
    Шын ақыннан бөлекше сиқым бар ма?!..

    Серіге «ақыным»,- деп балап тұрсаң,
    Әбес болмас елім деп таң аттырсам.

    Сипасаң құлыным деп маңдайымнан,
    Айшуақ жыр төгемін таңдайымнан.

    Ақынға құлақ түрсең, әр хатынан,
    Ерекше серпін берер бал татыған.

    Ауызды толтырып бір “ерім» десең,
    Жан беруге ел үшін ерінбес ем.

    Болмасаң, шабыт қонған көңілде сен,
    Осылай жауһар жырмен төгілмес ем.

    Күш беріп, асқақтасаң төрімде сен,
    Шайқалып өз кесемнен төгілмес ем.

    Мән беріп жырларыма көңіл көсем,
    Туғаннан шабытыммен көңілдес ем...

    Осылай ақ жолменен күн кешірем,
    Ел жайлы талайлармен үндесіп ем...

    Табылып тұрса өзіңнен бір несібем,
    Ғұмырды шабыт-халқым бірге сүрем.

    Тұсауын кес, балаңның, келер ақ таң,
    Өнерде бағы жанып келе жатқан!..








    Гүл ап келдім...

    Қиырында жүрсем де жырақ жердің,
    Көз жасыма жүзімді бұлап келдім.
    Гүл ап келдім,
    жанымды ұқпасаң да,
    Арасынан жазира құрақ- белдің.

    Белгілі- саған айтар сырым да анық,
    Ғашықпын, білесің-ау, оны да анық.
    Гүл ап келдім,
    әкелдім, саған жаным -
    Басылар деп сол- өкпең гүлімді алып.

    Сен барда жанарыма жоқты ілмедім,
    Мәңгілік деп ойладым шоқ-түндерім.
    Сол ойдың қарымтасы тағы келдім,
    Жаныңды жібітсін деп шох-гүлдерім.

    Ойлаймын,
    алам, тіпті, түсіне кең,
    Түндерімді өткізген түзіп өлең.
    Жауқазыны сезімнің шөлдегенмен,
    Гүл ап келдім,
    Көктемнің құсыменен.

    Гүл әкелем,
    талмаймын, бұлаққа сан,
    Жас жүректің жалауын құлатпасаң.
    Гүл әкелем,
    Әкелем әлі талай,
    Мәңгілік жүрегімді жылатпасаң...

    Берген сайын өзіңе жыр арнала,
    Жайнашы,
    Жауқазыным сылаң қаға.
    Кеңліктен қызғалдақ-гүл әкелдім,
    Қанып бір иіскесін деп құмарлана.

    Шамам жоқ, сені құшпай жата алатын,
    Жаныңда жүрсе өзіңмен қатар ақын.
    Гүл сыйлаймын Иранбақ мекенінен,
    Сағыныш деп бір сөзбен аталатын.
    Ақмаралым – мәңгілік махаббатым!

    Көңіл күнделігі

    Аңсап жүріп арайлы таң самалын,
    Табылғандай қасымнан аңсағаным.
    Шаңырағы бар аруға ғашық болдым,
    Жастықтың бұзып-ашып тас қамалын.

    Сөйлестік...
    Сыр да аштық, оңаша біз,
    Жыр айтуға екеуміз таласамыз.
    Күйеуін ұмытты ол бірер сәтке,
    Басталды, міне, осылай тамашамыз.

    «Сүйем»,- деді,
    мен де оны сүйем, берік,
    Алсам дедім жүрегін иемденіп.
    Жүректің толқуларын сезім басып,
    Сөз бастадым, көңілден күй өңдетіп:

    «Жаным» дедім,
    ол да осы сөзді күткен,
    Жалғызсырап жүргенде кезігіп па, ең?
    Бағыңды ашып, қосылған жұбайыңның,
    Құшағында бақытты сезініп па, ең?»

    Сұрадым да, соңынан қымсынғаным,
    Қайтейін, болса егер сыншыл, жаным.
    Білсем дедім, жүректің тылсымдарын,
    Айып болмас, білуге құлшынғаным.

    Деді ол – «мен ләззәтты сезінбегем,
    Шыдағам барлығына төзімменен.
    Жарым түнде жастығын жылытсам да,
    Түндерім көп, таң күтіп көз ілмеген.

    Күндер қайда, тек қана өзім деген,
    Өтіп кетті сүйектен сөзің бекем.
    Арымның да алдында айыптымын,
    Қандай бақыт өткен күн өзіңменен»,- .

    Деді де ол, шомылып мұңға жаны,
    «Қой» деген сөзімді де тыңдамады.
    Мойнымнан қысып-сүйіп, аймалады,
    Жаным деп діріл қағып тіл қатады.

    Көк майсаға ыңғайлап жайланады,
    Таңға дейін дегбірсіп аймалады.
    Жаным деген сөздермен құшағымда,
    Шошытты таңға дейін айналаны.

    Таң атты.
    Енді міне, қоштасар шақ.
    Күн шығып арамызды тосқан алшақ.
    «Жаным-ау көріскенше аман-сау бол,
    Көңілімді қалауыммен қосқан аңсап».

    Содан кейін мен оны көрмей кеттім.
    Жүректе оған деген өлмейді екпін.
    Қызық көрген сол қайың саясына,
    Күте,күте кейіннен келмей кеттім...

    Бір гүлім бар...


    Бір гүлім бар...
    Қойнымда қызғалдағым,
    Бірақ та жаным мені қызғанбағын.
    Жаздай күліп алдымда сылаң қақса,
    Қайтпайды сірә, әйтеуір қыздан бағым.
    ...Сезілді жаңа сенің қызғанғаның.



    Әуелетіп салғанмен әніңді есе,
    Қол бұлғайтын қуарып сағым кеше.
    Аруларды келемін баққа бөлеп,
    Маған қарап жай ғана « жаным» десе.
    Сынғанменен сезімнен сағым неше.

    Бұл сезім болғанменен түбінде мұң,
    Әдетіме айналған бүгін менің.
    Бұл сезімді тоқтатып қоя алмасам,
    Сен келіп сор шекеме түкірмегін.
    Жанымда жүргеніңе «шүкір» дегін.

    Өзгені мен ұнатып қалсам тағы,
    Өзгенің құшағына барсам дағы,
    Қызғанба,
    Егер сөйтсең жүрегіңнің,
    Күл болар бір сілкініп қалсам бағы.
    Орнына келмес жылап алсаң дағы.

    Әр қилы көрінеді тұстан жаным,
    Себебі, менде жиырма,
    Қызған шағым.
    Ертегі қыз Жібек пен Ақжүністен,
    Кем болмай шықса қайтем, құшқан бағым.
    Өзіңді өліп-талып сүйем жаным,
    Қойшы енді,
    қызғанбашы, қызғаншағым.

    Р.S.Мінезі жоқ, саған келсе жазықпын,
    Көрмей кетсем, кездескенше асықтым.
    Дір-дір етіп, лүпіл қаққан жүректен,
    Салтанатымсезімдейтін саз ұқтым.
    Мыңды сүйем...
    Мәңгі саған ғашықпын!..

    Ақмаралым

    Шалқимын,
    шуақты күн шаттанамын,
    Жүзіңді көрсем болды бақ табамын.
    Өзімді-өзім бақытты деп санар ем,
    Жанымда жүрсең жаным, Ақмаралым.

    Сен болған соң мәңгілік ұнатқаным,
    Көктеммен көріктеніп бүр атқамын.
    Махаббат ол –жалауы жастығымның,
    Үмітті алып-ұшқан құлатпадың.

    Сол түні құшағыма ап, құштым,сүйіп,
    Рахат-ай!...
    Құшаққа түстім, күйіп.
    Сол сәтте-ақ, жараланды пәк жүрегім,
    Сезімнің сәулесінен ұшқын тиіп.




    Мені сүйдің...
    Тағамын өзіме мін,
    Мен де сүйем...
    Әу, баста сезіп едің.
    Содан соң ойымдасың.
    Ойлап жүріп -
    Түс көру үшін ғана көз ілемін.
    Түс деген ғажайып бір әлемінде,
    Өйткені, саған ылғи кезігемін.

    Бақыт іздеп, бағымнан жалықпайын,
    Ойымнан кетпес денең мамықтайын.
    «Жағдайы жақсы ма, екен»деген сұрақ,
    Мұңайтады жүрекке салып уайым.
    Көңіл шері

    Соңынан ілесе алмай көш-кеменің,
    Көңіл-күйім болмады кеште менің.
    Қызғандырдың,
    қызықты қудаладың,
    Соншалық қиналардай не істеп едім?..

    Көніп келем тағдырдың түйреуінде,
    Ауыса алмай қуаныш күйге мүлде.
    Көңіліңді түсірместен ғашығым деп,
    Бар кінәм өліп-өшіп сүйгенім бе?

    Онымен қол ұстасып тұрсың таңда...
    Түсінбедім, тұңғиық сыршыл жанға.
    Барлығын да көзіммен көрдім жаңа,
    Не істеймін, өзіңе құлшынғанда?!...

    Жас кезде жөйткіген,
    жалындаған,
    Жүрсін деп айттым бәрін жанымда аман.
    Ойының бұзықтығын білем, анық,
    Олардың мақсаттары мәлім маған.

    Махаббаттың маздаған күшін білем,
    Өзіңді бақытты ету үшін жүр ем.
    Мендегі адал ойды,
    пәк сезімді,
    Білмеймін, қалай саған түсіндірем?!...
    Жаным-ау...

    Жаным-ау...
    Бүгін тағы ойға баттым...
    Бақытымды жандырмай қойған-ақ, күн.
    Саған ғашық болудың жай-жақтарын,
    Мұншалықты қиын деп ойламаппын.





    Мен кім едім?!...
    Сен үшін кім болғаным?!...
    Зарығу деп аталар сын ғой бағым.
    Өзің жайлы ой құрап әрбір кеште,
    Өзің жайлы күй шертіп, күн толғадым...


    Сен кім едің?!...
    Мен білсем...- ғажап едің,
    Көп күнгі мені ермек жасап едің.
    Сен сондай таза едің...керім едің,
    Жанымды жалғыз тастап кеткеніңде,
    Көзіме еріксізден жас ап едім.

    Жақаң кім ед?!...
    Жай саған ынтыққаны,
    Сезімімді, мендегі сырды ұқпады.
    «Оны жай ермек етем» деген сөзін,
    Түсіндім мен,
    көшеде тұрдық тағы.
    Жақаң да өзіңді сүйерімді,
    Біле тұра –
    күлді де, сыр бұқпады.

    Қалайша өзгелерді сынамақпын?
    Жаныма енді қай қыз, ұнамақ кім?
    Айрылып біттім сенен мен әйтеуір,
    Сенсіз қалай өмірге шыдамақпын.

    Ойласам да бірге өткен түндерімді,
    Болжай алмай келешек күндерімді.
    Күндер өтсін,
    зарығып түндер өтсін,
    Әйтеуір, бір білерім босағама-
    Сүймесем де әкелем бір келінді...
    Кетіп барам...
    Көлеңкелі көңілімді етіп алаң,
    Мен ертең жат қалаға кетіп барам.
    Армандарым жетелеп алыстарға,
    Іздегенге әйтеуір, жетіп қалам.

    Сені сүйіп, ауруымды меңдетіп,
    Алам бәлкім, өзгелерге емдетіп.
    «Қайта келші»- деп соңынан жыларсың,
    Қалғанымда өзге қызға мен кетіп...

    Қаларсың сен бір күндері соғып сан,
    Менен бақсыз бір жігітке жолықсаң.
    Құшағыңа ап,
    қысып сүйіп алар ең,
    Ғашығыңның көз жасынан қорықсаң.

    Ем-дом іздеп жүректегі жараға,
    Кетіп барам, келместей боп қалаға.
    Бүгінгідей мінезіңді жоймасаң,
    Мира жаным, махаббатқа жолама.
    Жүрекпен сырласу

    Жүректегі мұң-шерімді жасырып,
    Жаттың бағын өз бағымнан асырып,
    Келем қазір оң қырымнан көрінбей,
    Албасты боп, аяқасты басылып,
    Жүргенімнен махаббатқа бас ұрып!

    Қола болып шықты ма, әлде асылым?
    Өн бойынан естілмейді асыл үн.
    Сезім құртын өлтіре алмай қалғаны-ау,
    Қайран жүрек, ғашық болғыш жасырын.
    Саған рахат сыйламапты-ау,ғасырым...

    Сұлу сөзді,
    ести салып атын да,
    Ғашық болғыш, тыңдаса ару хақында.
    Көрмей, білмей ғашық болған қыздарың,
    Жалмауыз ба, әлде махаббатың ба?
    Сол сұрақтан абыржыдым жақында...

    Келер ме еді тірлігіме бақыт-күз.
    Тәнім әрне сезбес болды татып мұз.
    Ойларыма жауап таппай қиналам,
    Сен-байғұс, мен бе, сонда бақытсыз?
    Жауап бере алар ма, екен жаһұт-күз?...
    Бақытты бол!

    Жанымды жаралаған өзің бе, едің?
    Сені ойлап ұзақ түнде көз ілмедім.
    Білмеймін, неге бүгін тасынамын,
    Бәрін де көрген жоқ па, көзім менің?!

    Сезім деп неге сонша шарһ ұрамын,
    Қанып ішіп сабылған бал-бұлағын.
    ...Жараланған жаныма қос жүректі,
    Зарына махаббаттың тос құлағың...

    Бағымда ойқастаған арман елік,
    Аталып кете барды жанға серік.
    Сен бар да гүл жайнаған сол бағымда,
    Бұл күнде көз тартардай бар ма, көрік?!..

    Бал күндерде боп жүріп Төлегенің,
    Өзіңді бақытты етсем деген едім.
    Сыйға тартқам гүлімнің қауызына,
    Қондырып көңілімнің көбелегін.

    Бергендей құдай саған көрік, тегін,
    Көркіңмен жүрегімді еріткенің.
    Саған деген сағыныш басылар ма, ед,
    Хал-жайымды сұрасаң келіп менің.



    Әлі жалғыз келемін.
    Сен – некелі.
    Қызғаныш жан-жарамды меңдетеді.
    Тағдырға табыстасам тізгінімді,
    Сен келіп ара түссең нең кетеді?!...

    Бүгін жүрек шырынды татыпты ,мол,
    Алдымда арман дейтін жатыпты жол.
    Айналған ақ сағымға арман-құсым,
    Өмірде Жібек жаным
    бақытты бол!
    Хор қызы

    Жұлдызымсың аспан көгімде,
    Құндызымсың асқар белімде.
    Хордың қызы мүмкін емес-ау,
    Ұнатпауым сені тегін де.

    Шуақ құйса арайла Айым,
    Ажарыңа жарасардайын.
    Хордың қызы бір сенің үшін,
    Қыран көкте дара самғайын.

    Жүрегіңді еріксіз жаулап,
    Хордың қызы жара салмайын.

    Киігімсің орман даламда,
    Биігімсің жете алам ба?
    Көңілімді жадырататын,
    Хордың қызы мәңгі санамда.

    Оятқалы саған сезімді,
    Ұмытқанмын сабыр, төзімді.
    Жарым түнде ойыма алам,
    Шын сүйемін жаным, өзіңді.

    Жанымда бол
    (Жанеркеге...)
    Жан дүниеңді ашып тұрған,
    Мені өзіңе асықтырған,
    Сыңғыр күлкің ойдан кетпес,
    Сәулем саған ғашық қылған.

    Қайырмасы:

    Сүйем сені, әнім, еркем,
    Жауқазындай жаның көркем.
    Мәңгілікке бағым болшы,
    Айтар таңға әнім болшы,
    Саған ынтық жаным үшін...


    Арулардың асылы едің,
    Тапқан ойдың асыл емін.
    Сұлулығың алған бағаң,
    Күндіз-түні армандаған,
    Жанымда бол, сағынышым...

    Аңсап келіп сырымды аштым,
    Көңілімнің мұңын бастың.
    Пәк сезімнен ләззәт алдың,
    Жағаны ұрған жаным, тасқын.
    Қайырмасы:

    Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?!

    Бірде біздер жұлдызша жарқыраймыз,
    Бірде біздер бұлақша сарқыраймыз,
    Бірақ та Ай көгіне қалқымаймыз,
    Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?!

    Махаббаттың жалынын шарпымаймыз,
    От құшақта именіп балқымаймыз,
    Кездескенде тек соны талқылаймыз,
    Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?!

    Бір-бірімізді қоспаймыз, жалқылаймыз,
    Шер тұтанар шілдеде қар бұлаймыз,
    Сезімдер – от, дегенмен алды – сай, мұз,
    Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?!

    Көрмесек жон арқадан аңдығаймыз,
    Түс көрсек те «Кетпе»-, деп сандыраймыз,
    Тек армандап, қауызда ән құраймыз,
    Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?!

    Қыңыр мінез, қылыққа сан шыдаймыз,
    Гүлге біткен оңаша тамшыдаймыз,
    Ғұмыры-аз, сабы бос-қамшыдаймыз,
    Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?!

    Қол айқасып, кірпікті шаншымаймыз,
    Әлсін,әлсін, еріксіз тамшылаймыз,
    Сары далада жем күткен аңшыдаймыз,
    Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?!

    Бірімізге-біріміз мәңгі ұнаймыз,
    «Өміріңді өзгерт»-,деп сән сұраймыз,
    Түрімізге қарамай тән сынаймыз,
    Неге сені ұнаттым, Алтынай қыз?!




    Кінәлама
    Бұлбұл сайрап тұрған-ды тал басында,
    Сөйлестік жастық жалын арқасында.
    Жанымды жаралама бұдан былай,
    Мен сені сүймегенмін алғашында...

    Айналып кете бардым дара көлге,
    Жаныңды сезім-отқа сала берме.
    Сен бұлай тынышымды ала берсең,
    Қай бетіммен жүремін қарап елге...

    Сенімен бірге жүрген кезімде мен,
    Шығып кете жаздайтын есім неден?!
    Уақыт өтіп арнасы саязданар,
    Өткінші екен, Жанерке сезім деген!

    Жеңіл-салмақ, жіңішке, пішімі-пәс,
    Тек серілер сенетін күшіне жас.
    Өткінші сезімдердің ырқына ерген,
    Ол кезде... бала едік, түсінігі аз.


    Жігітке жол нұсқайтын болған ақ ту,
    Махаббат – ол айдын ғой, қонған аққу.
    Сеніппін сезіміме серіленіп,
    Еніппін құшағыңа беріп ерік...

    Кінәлама.
    Өткенге өкінбегін.
    Рас еді «Сүйем»-, деп бекінгенім.
    Жазықтымын алдыңда деп санар ем,
    Болмаса жылап тұрып өтінгенім...

    Түсімде көрдім

    Түсімде көрдім, түсімде,
    Қияға сезім шарпиды.
    Қинадың мені бүгінде,
    Баттым-ау, ойға сан қилы.

    Ажарың қандай көркем-ді,
    Түсімде көріп сүйінем.
    Қиналып, жүрек өртенді,
    Жалғыздық неткен қиын ең...

    Жаным-ау, сені сағындым,
    Түсімде естіп даусыңды.
    Тағдырға мен де бағындым,
    Төзімім менің таусылды.




    Жаным-ау, бүгін тағы да,
    Отырмын сенен кеш қалып.
    Бастадым сені сағына,
    Бейнеңді керім еске алып.

    Өзгеге ұшып сен кеттің,
    Құлпырған әсем гүлдер ек.
    Жанымды жырға емдеттім,
    Күтумен сенен бір дерек.

    Босаған көңілім сарайдай,
    Толтырмай анық қоймасым.
    Жолыңа тұрмын қарайлай,
    Кеп қалар деген ой басым....

    Меңді қыз

    Тұрса да баста қар, бұлт,
    Ойыңның бәрі ар болып,
    Өзгеге кеттің бақ іздеп,
    Өзгеге кеттің жар болып...

    Қинады сенің шешімің,
    Ойымнан кетпей есімің,
    Өзіңді құлай сүйсем де,
    Еленбей қалды сезімім.

    Жыласам қайта келмейсің,
    Сұрасам ерік бермейсің,
    Өңімде қарап, қайрылмай,
    Түсіме еніп, келгейсің,
    Сағым боп кетер әп сәтте,
    Миражан, ыстық желдейсің...

    Жаз өтті, Мира, келді күз,
    Екіге кеттік енді біз.
    Жарыңнан тауып махаббат,
    Бақытты болшы меңді қыз.

    Байыппен тыңдап күлкісін,
    Оралмай кетті жыл құсым.
    Жылап та тұрып тілерім,
    Баянды болсын тұрмысың.

    Жапырақ жерге түсті енді,
    Әуелеп әнмен күз келді.
    Жырақта жүрген қос ғашық,
    Елемей кетті-ау, біздерді.




    Балауса қыз

    Айналдым атыңнан да,
    затыңнан да,
    Келмедің кездесуге шақырғанда.
    Үзілген үмітімнің сынықтары,
    Қарайлап жатыр бізге жақын маңда.

    Аруым, арманыма жол аша ма?
    Ұйқымды сағынышың тонаса да.
    Сын артып тағдырыма асыл еркем,
    Жыр жазам өзіңң жайлы оңашада.

    Аққу боп айдыныма қона алмадың,
    Жылытып жан дүниемді жана алмадың.
    Қонсаң дап қайсы айдынға бақытты бол,
    Бағыңды тілеп жүрем жан арманым.

    Мен сені келмейдіге санамадым,
    Бір жүрген бақты жалғыз араладым.
    Бойымды,
    билей алмай көз жасымды,
    Өзіңмен қоштасуды қаламадым.

    Арманды алып ұшқан балауса қыз,
    Сезімің оған деген бар-ау, нағыз.
    Шаттыққа иек болып көктем-көрік,
    Куә боп қоштаскуға қалар ма, күз?!

    Бір жігіт бар
    (Андасова Меруертке...)
    Елемей жылыны да, салқынды да,
    Теңей алман ол қызға алтынды да.
    Кеңейтемін әрқашан тынысымды,
    Еселеймін сенімен парқымды да.

    Ешнәрсе суреттеуге тілі жетпес,
    Тіпті әлемнің сен десе құны жетпес.
    Көсіліп, қапталыңнан тіл қатқанда,
    Бұлбұлдың да сайраған үні жетпес.

    Менде көп ару қыздар болған бейне,
    Жас жүректі айтпаспын солған дей де.
    Тіпті, менің сезімім көрігіңді,
    Өтей алмас деп Меруерт қорқам кейде.

    Бамдат ауып, қалса да бесін тіреп,
    Мен отырмын әліге есімді жеп.
    Сен-студент.
    Неткен сен сұлу едің...
    Мен – бір ақын, жүретін сезім тілеп.
    Жатса да күн қызарып, кеш кіргелі,
    Жаңармалы,
    көңілім ескірмелі.
    Жаратқан мені саған кіріптар қып,
    Құдай-ау, бір сен десе ес кірмеді.

    Құштар қылар өзіңе ерін, меңің,
    Сан құбылып жүреді күнде реңің.
    Жүрегіме құлақ сап,
    Жұмысым сол,
    Сен туралы күтемін үн, дерегін.

    Сағындырып атса да құба таңым,
    Сені ойлап өзімді жұбатамын.
    Жанымда талай уақыт жүргеніңмен,
    Айта алмаймын...
    Тек іштей ұнатамын.

    ..Р.S.Бағасы есептелмес тіршілікте, ар,
    Махаббат шат- сезімге жан кіріптар.
    Сенің от құшағыңда түншұғуға,
    Өліп-өшкен Жетісайда бір жігіт бар.

    Бірді-көктем,
    бірді-жаз,
    бірді – күз деп,
    Ойлайды ол сағынышты құлшыныс деп.
    Көзіне оның Меруерт ілінгелі,
    Жүргені сезім қуып, тылсым іздеп.

    Сен де маза бермейсің ойдай тыным,
    Өз арнаңа бұрасың ойлайтының.
    Саған мәңгі ғашық боп қалған оның,
    Білесің саған жетпей қоймайтынын.

    Жанарыңнан жылы леп есіп тұрсын,
    Өзің де сол ақынды сезіп жүрсің.
    Ералы мен Нұргүлдей жапан түзде,
    Екеуіңді оңаша кезіктірсін.

    Бер емін

    Таусылып,
    бітем бе әлде төзімнен,
    Бас тартшы жаным шешімнен.
    Адаспай тұрып мен есімнен,
    Бір болам деші өзіңмен.

    Ғайып боп,
    Салмашы көңілімді уайымға,
    Айып көп,
    Белгілі шүбәсіз жайым да.
    Сайып кеп,
    Қолыңды сермеме дайынға,
    Онсызда оңай деймісің?!

    Келемін,
    Сағынып сені арланбай,
    Желегін,
    Жасырып уақыт алғандай,
    Бер емін,
    Жаныма жүрген армандай,
    Жүрегім солай дейді, шын...

    Сезімге жүрегім шөлдеген,
    Мұңаям жұлдызсыз түн менен.
    Алжасып кетем бе, әлде мен.
    Өтем бе, әлде әуремен.

    Сексен қыз- Сері көңіл

    Баз біреу шығарғанда Жайыққа өлең,
    Аруға жыр жазбауды айып көрем.
    Серінің сексен қызын Жібек қылып,
    Жанымның ақ парағын жайып келем.
    Қарасаң өткеніме байыппенен.

    Күй көңіл көкірегіме жыр сіңдіріп,
    Өз бетімше өлеңмен тылсым құрып,
    Күлетін жыр көңілді жұлқындырып,
    Әйгілі Мадоннадан кем емесін,
    Бүгінгі қазақ қызы білсін жүріп.

    Болашақ...
    Арманым алдымда әлі жарты белес.
    Тарихым...
    Қол бұлғайды қимастан қалғып елес.
    Мінезі ашық,
    тоңмойын қазақ қызын,
    Ғарышқа теңесем де артық емес.

    Нәр алып, нұрын шашқан ғажап күннен,
    Желпінген желіктері азаттықпен.
    Кеңестен қияң кесті азап көрген,
    Қазақ қызы сол кездің өзінде де,
    Мұңаймаған.
    Жасуды аз-ақ, білген.

    Жайласа да жаһанды өмір сызы,
    Ерімес болашаққа сенім мұзы.
    Мәңгілік маһшар баққа лайықсың,
    Қазақтай қайсар елдің керім қызы!
    Қияға қалықтасын көңіл құсы!

    Сағынып келдім сені

    Тағдырым беріп маған батыр мүсін,
    Таңғажайып таңымды атырды, шын.
    Сағынып келдім сені құшағыңды аш,
    Мені ойлап, сағынып сен жатырмысың?!..


    Құшағыңды аш,
    мен сені іздеп келдім,
    Сағыныш саз алабын тізбектермін.
    Адам түгілі қосылып сүйгеніне,
    Балалайтын кезі ғой қыз кептердің...

    Жаныма білсең қандай күш тіледім,
    О, ғажап, сезім неткен ыстық едің.
    Құшағыңда кіршіксіз жаным, денем,
    Алай- дүлей тасқынға түсті менің.

    Сен қуансаң көңілде кесілер мұң,
    Ренжімеймін өзіңе,
    кешірермін.
    Жаным-ау, мойныма кеп асылмасаң,
    Өртенген жүрегімді өшірер кім?!

    Таң атты ма?
    Терезе бұлдырайды,
    Ақ нөсер шатырды ұрып, сылдырайды.
    Жанымда тағы біраз бола тұршы,
    Құшағымда жатқаның қатты ұнайды...

    Қараумен маған еңсеңді...

    Қараумен маған еңсеңді,
    Түсіре бардың байқадым.
    Болса да бұл сәт ең соңғы,
    Қасымда қал деп айтамын.

    Жаныңды қинап біреуге,
    Күлімдеп жүрсің неліктен.
    Көңілді қойсаң жүдеуге,
    Көңілімді қайтем желіккен.

    Жабырқап маған қарадың,
    Көзіңде сенің бір сұрақ.
    Тек қана соған жарадың,
    Сағыныш ойлар шымшылап.

    Жапырақ жайып өс, мейлі,
    Өкініш кетті тамырлап.
    Тірі де тұрсам өшпейді,
    Сезімнің оты жалындап.
    Сүйемін, ессіз сені
    Жанымды жараласа,
    Мүмкін, ол ән тілейді.
    Сүйгенің қарамаса,
    Қызғаныш жанды жейді.

    Жанына шақырмаса,
    Жүрекке болар қайғы.
    Сезіммен ақылдаса,
    Қызғаныш лапылдайды.

    Сүйемін, ессіз сені,
    Жанымды елемейсің.
    Жүрегің көзсіз бе,еді?
    Бағыңа теңемейсің.

    Кетті ме, күндер де ұзап,
    Сезіммен шыңға асатын.
    Келмейді түндер де ұзақ,
    Оңаша сырласатын.

    Сезбейсің неге мені?
    Қасыңда жүргім келед.
    Бір сенде жүрек емі,
    Жаныма бір күш керек.

    Қызғанып қалам сені,
    Қаламын тойлардан кеш.
    Артылмас санам сені,
    Жаным-ау, ойлаудан еш.

    Аққуға көз тігемін айдындағы...

    Аққуға көз тігемін айдындағы,
    Сыңары оралмаған айдынға әлі.
    Көктемдей көрік берген өр көңілін,
    Айрылған соң жұбынан қайғы ұрлады.

    Күтуде сыңарын ол талмай көптен,
    Көздерін күлімдеген алмай көктен.
    Сол адамға әліге жабырқаулы,
    Сыңарын көз алдында жалмай кеткен.

    Көл жағасын жайлаған жоталар көп,
    Сол адамды көруге оталар ма, ед?
    Сыңары көзден ұшты.
    Ұйқыға кетті қалың,
    Жұбы барда бұл қамсыз жата алар ма, ед?





    Сыңарын жалмап кеткен қол күші екен,
    Сыңарын жоқтау – аққу болмысы екен.
    Бір жұптасар,
    ал, кейін не болса да,
    Өзгенің жары болу қылмыс екен.

    Жалғыздық аққуға олжа таптырмады,
    Елесін де жұбының жат қылмады.
    Осылайша мұңды-күймен өте берді,
    Аққудың жасындайын бақ, жылдары.

    Жылдар өтті... жарасы жазылмады,
    Көңілін сағындырған саз ұрлады.
    Жаралы аққудың бір күйін кешіп,
    Қабағы бір қуарып, ашылмады.

    Налиды ұшып өтсе құзғын көкте,
    Қайғылы тимегендей ұшқын текке.
    Жаратқан адалдықпен махаббаттың,
    Ойлады ол сынағына түстім деп те.

    Ұнамады тағдырдың сынағаны,
    Төзіп бұған қалайша тұра алады?!
    Айдынымен мәңгілік қош айтысып,
    Ұшып кетті биіктен құлағалы...

    Қырға қонды, толқытып жан кемесін,
    Түсінгендей жалғыздық мәнді емесін.
    Жаны мен махаббаты тастап ұшты,
    Түскен соң қара жерге жан денесін...

    Жанында жүріп талай нұрға бөкті,
    Аймалап, ай көрігін жырлап өтті.
    Махаббаттан адалдық, ақ жол тауып,
    Енді, осылай өзін де құрбан етті...

    Қуантуға өзіңді жарар ем ғой...
    (Жарова Меруертке...)

    Ойладың ба,
    сен мені Меру бүгін,
    Жаныңа қаламайды келуді кім?
    Өзің жайлы сан мың жыр жазам әлі,
    Тоқтатпаса жылуын беруді Күн...

    Жасырын емес еді сырым жаным,
    Қызбайтын, толқымайтын, бұрын қаным.
    Елес сынды ерекше күйде қалдым,
    Естігенде болашақ жұбың барын...



    Тілімді тістеп қалдым, айта алмадым,
    Сабыр қылдым, дегенмен, шайқалмадым.
    Бүгін саған ұсынған ақ жырымды,
    Оқымастан бірақ та, қайтармағын.

    Өзіңе қолды созсам, алыстасам,
    Кейде бір қыр соңыңнан қалыспасам,
    Ренжіме,
    бәріне ренжіме,
    Кей кездері қадамды шалыс басам...

    Өн бойым үйренбеген таң самалға,
    Өзіңді өліп-өшіп аңсаңанда,
    Мағынасыз тірліктен шаршағанда,
    Суретіңе қараймын тамсанам да...

    Тақпасам да тағдырдың тезіне мін,
    Мен өзімше бір бақты сезінемін.
    Талантым, шабытым да өзіңде еді,
    Өлеңім, өмірім де өзің едің...

    Өлеңіммен күш беріп бойларыңа,
    Айтсам нетті бір тілек тойларыңда...
    Бас құрап, басқаға жар боларыңда,
    Бір сәтке болсын мені, ойладың ба?

    Жүрегің дегеніңменжаралы еді,
    Қуантуға өзіңді жарар еді.
    Мәңгілік отқа айналған саған деген,
    Меруерт жан, махаббатым адал еді...

    Мадақ

    Дұшпанының уысын қаңыратқан,
    Жүрегінде хас батыр қаны аққан.
    Бақ кетпесін, қазақтың даласынан,
    Бақ кетпесін, «қазақы шаңырақтан»...

    Ел шөлдесе бұлақтай толып ақтым,
    Қапаланса, арай таң болып аттым.
    Ұлтым-қазақ,
    Бекарыс ұрпағынан,
    Тараған - Маңғытаймын, Қоңыратпын!

    Ақпанның аязы ұрған гүлі сынды,
    Шабытым көмейімнен жыр ұшырды.
    Ұлы іс,
    әр кез маған мақтаныш ед,
    Жырға қосу ұлтым мен ұлысымды.



    Жарасынан емделіп, тіл айықты,
    Болмасын, жасыған-қыз,
    ұл – айыпты.
    Ұлтымның ұлы ісін мадақтауға,
    Ұлағатты ел әрқашан ылайықты.

    Жанна қыз
    Сенің үшін жаралған жан едім мен,
    Ағын-төгін соққы алған әлемімнен.
    Қызметте құмартқан Жанна қыз-ау,
    Жан дүниемді баурадың сәлеміңмен.

    Қоймадым,
    Қол бұлғадым сағымға алдан,
    Көктем қайта келмесін бағымды алған.
    Боз бұтаның түбінде сені күтіп,
    Ақ қайыңның астында әнім қалған...

    Мақтадың,
    Масаттандым.
    Сені сүйіп, өзіңнен азап та алдым.
    Сен Жанна, ұйпа-дауыл мазаққа алдың.
    Өлер едім сен үшін,
    Ажалым жоқ,
    Дегенмен, соған дағы аз-ақ, қалдым.

    Жасасаң да сен мені қалыпты ермек,
    Мендегі махаббатты халық көрмек.
    Жан бер деп қинайсың ғой Жанна қыз-ау,
    Ойым жоқ жер астына барып келмек.
    Сен мені жас бала қып тағы айтасың,
    Ұялмастан «жүзікті алып бер» деп.

    Бара алмаймын жаныңа келмей күшім,
    Қыз ғұмыр мен ер көңіл тең деймісің?!
    Қиналғанда араққа зауқым кетер,
    Оны да жан-жарама ем деймісің?!
    Рас-сөзім, менікі-ақ махаббат,
    Әлі күнге Жанна қыз сенбеймісің?!

    Бақытымды жандырмас екен кім-ау,
    Қайғы-мұңға көңілім мекен мынау.
    Сүй мені басыңа шаң жуытпай,
    Бақытты етем Жанна қыз дегенмін-ау.
    Сүйгеніне сүйікті айналмаған,
    Қарғыс атқан бозбала екенмін-ау.

    Ай, Жанна қыз, Жанна қыз,
    Бір емес пе, еді арнамыз?
    Қайғы-мұң кешіп жүрсек те,
    Жүрекке шіркін, салма сыз.
    Бақытты менен жан жоқ-ау,
    Екеуміз жайлы қалса аңыз...

    Туған жерге

    Күй тыңдадым, сайраған құстарыңнан,
    Тәрбие алдым, рубаят- жырларыңнан.
    Ертеңге нақ көзқарас жасап алдым,
    Үйреніп, ізгілікті ізгі арыңнан.

    Сусындадым, балдайын бұлағыңнан,
    Жылу көрдім жотаңнан, құрағыңнан.
    Шындықты да өзіңнен үйренгенмін,
    Жүректің төріне еніп, сыр ағылған.


    Кезімде ойқастаған, аласұрған,
    Жеңгеден ізет көрдім бағы ашылған.
    Басымнан сипаған «інішек» деп,
    Мейірім, шафқат көрдім тамаша ұлдан.

    Қалқам-ай!
    Елемей сені күлсем де,
    Ойларым жалғыз бір сенде.
    Әліге сені таба алмсан,
    Іздеумен сені жүрсем де.

    Қай жерден сені іздеймін,
    Сарғайған сұрғұлт күздеймін.
    Таба алмай сені жүрсем де,
    Жаным-ау, үміт үзбеймін.
    Қайырмасы:
    Жабықсам жасым тамшылар,
    Сезімді үміт қамшылар.
    Жалықпа, жүрек зарық та,
    Тағдырым қоспаған шығар.

    Арманда кетті-ау, демесін,
    Өксікке толды өңешім.
    Аңсаумен жүрсең амал не?
    Тағдырға қалқам, көнесің.

    Сағындым сені қалқам-ай,
    Қуаныш базар тарқамай.
    Тағдырға беріп ерікті,
    Жанымның жалғыз қалғаны-ай!

    Өмірді көңіл бөлме сен,
    Сағынам сені көрмесем.
    Өлшеулі ғана ғұмырда,
    Әйтеуір, табам, өлмесем...

    Кешір мені

    Сені тастап, басқаға кетіп едім,
    Ренжіме,
    қалқатай өтінемін.
    Жатқа қыстым көзімді, өкінгенмен,
    Оралды сол көктеммен жүзіме мұң.

    Мен сені ұмытпадым, ұмытпадым,
    Түсірмедім сезімдей тұныққа мін.
    Құшағыма қайтадан енбесең де,
    Дұрыс болар көңілден сыр ұққаның.

    Байқарсың сен, үңілсең құлақ түріп,
    Сөз салғаным өзіңсің ұнаттырып.
    Сезімнен жалыққанша уақыт өтіп,
    Сағынайын деп едім жырақ жүріп...

    Сен мені кінәлама,
    кінәлама,
    Неге бұлай еттің деп сұрама да.
    Сезімнің сынағынан өткен жандар,
    Шын сүйгенін көрместен тұра ала ма?

    Алдыңа кеп қалқатай тұрмын, міне,
    Жанарыңнан сәуле есті, күн күлды ме?
    Өтініп келдім сенен, кешір мені,
    Есіктен ақшам ауып, түн кірді де....

    Иә, иә...
    Иә, иә, көңілің көктемдейін,
    Ажарыңа күн нұрын төккен дейін.
    Жыр ғұмы рға басымды мың игізіп,
    Арулардың ақ ары еткен бейім.

    Иә, иә, өмірің гүл жайнаған,
    Толып тұрса шаттыққа,
    гүлге айналаң.
    Ақындықтан арудың аласы көп,
    Сол жайлы тебіреніп, күнде ойланам.

    Иә, иә, жігіттің бағысыңдар,
    Ғашық етіп, ғажап түн табысыңдар.
    Қуаныштан жас келіп, мөлдіреген,
    Көзімнің қарасы мен ағысыңдар.

    Иә, иә, сендерсіз өмір мұңды,
    Болмасы анық, сендерсіз өмір құнды.
    Сендердің алдарыңда бақыттымын,
    Кешірсем де кескінсіз небір сынды.

    Иә, иә, өмір-мұң белесінде,
    Бақыттымын сендермен.
    Сенесің бе?
    Бір көрген ару көзден ғайып болса,
    Бәрібір қалады екен өңі есіңде...

    Өңін білмей өмірде өтсем де аңсап,
    Көз жасымды көл етіп төксем де ән сап,
    Әлдекім «Бақыттысың ба?» деп сұраса,
    Иә, иә, дер едім көкке жар сап.


    Иә, иә, сендермен бақыттымын!
    Деген сайын береді уақыт тыным.
    Сен де бол бақыттылар қатарында,
    Күйін кешіп жүрейік бақыттының.
    Сендермен мәңгі еркектер бақытты, ұғын!..

    Сенің арқаң

    Ұстаздық ұлық жолда төзім керек,
    Болуы да ықтимал сөзің зерек.
    Өзгеруің керек-ақ, бұл сапарда,
    Мейірім пайда болып өзіңде ерек.

    Аспанымда Ай күліп, ұштасты Күн,
    Шәкірт болып бір сәтке ұстазды ұғын.
    Жыр ғұмырың артыңда елес болып,
    Ақ әлдиге айналсын ұстаздығың.

    Жырларың ызың қаққан мір оғындай,
    Өміріме үлес қостың бір оғылдай.
    Әрқашан омырауың гүлге толып,
    Аңқылдақ мінезіңмен жүр осындай.

    Бала көңіл-сезімтал, нені ұғар тән,
    Шабыт жоқта көңілім еді бархам.
    Ақын болып атансам ағайынға,
    Әуелі Алла, содан соң сенің арқаң!


    Сенің арқаң биікке өрлесем де,
    Сенің арқаң жырыммен төрлесем де,
    Сенің арқаң еркіндік көрмесем де-
    Мен өлмеймін, ендеше өлме сен де...


    Ақын болып атансам атырапқа,
    Әуелі Алла, содан соң сенің арқаң!



    Алдамшы үміт

    Ұнатушы ем мен сені ілгеріден,
    Жасың үлкен екенін білгеніммен.
    Ләззәт ап, жүруші едің ыңғай бермей,
    Соңыңнан қалмай аңсап жүргенімнен.

    Көзіме елестесең қарай қалдым,
    Сені аңсап өткені хақ бал айлардың.
    Сағынып, тіпті кейде, үміт алдап,
    Аулыңа іздеп сені талай бардым.

    Жас барып өзгерсе де өмір бүгін,
    Ренжітпей,
    аялайды көңілді кім?
    Сен менсіз қай қиырда жүр екенсің,
    Көліме қонбай кеткен көгілдірім.

    Ораса да бұл күні жалғанды құт,
    Мені де кетті үмітім алдамшы ғып.
    Үмітім үзілмеді ұмытсам да,
    Қалатындай боласың алдан шығып.
    Тайсалмайды тайғақтан алдамшы үміт.

    Білінбейді барлығы қайғының да,
    Сағынышым кең қанат жайды мұнда.
    Аққудың сыңарындай жүрмес пе, едік,
    Қол ұстасып махаббат айдынында...

    Қолыңда тұр

    Атыңды естідім Мақпал деген,
    Мұң кешіп сол уақытта жатқан денем.
    Үмітім үзілмеді бәрі бір де,
    Махаббаттан жеңіліс тапқанменен.

    Қатыгездеу екен-ау, жолың батыр,
    Сені ұмыту білмеймін сорым ба, бұл.
    Күндерім өтіп жатыр жылауменен,
    Еңсемді түзеу сенің қолыңда тұр.

    Қызғаныш құрық жаяр күн батқанда,
    Шешімің қиын болды-ау, жұмбақтан да.
    Шетке ысырып жанымды кете бардың,
    «Сүйем» деп әлдебіреу тіл қатқанда.

    Жаңа күн бетпердесін ашты мына,
    Тіресе алман тіршілік тасқыныңа.
    Ұмыта алмай сен жүрсің мені жаным,
    Жасың төгіп жарым түн жастығыңа.


    Сен кеткенің, ашумен мен кеткенім,
    Дұрыс па, енді жасымды көлдеткенім.
    Болмашыға болысып айрылдық-ау,
    Махаббат жарам барар меңдеп менің...

    Сағыныш

    Жанымда менің жандар да бар-ау ибалы,
    Әттең-ай, сезім қинады, мені қинады...

    Жаным мен тәнім оралмай қалды өткенге,
    Пендеге шіркін, өмірде арман жеткен бе?

    Өзіңді жаным, бағымда көріп көктемде,
    Қуанып едім, ғайып боп кеттің жеткенде.

    Ызғарын ала бағыма келіп күз енді,
    Мұңымды жазбай құшақтап қалдым тіземді.

    Бақытты күнім айналып қайта келсе игі,
    Әйтпесе, маған сағыныш маза бермейді.

    Жоғалтып алған, жасындай аппақ, ақ құсым,
    Сағынып кеттім, бір жүрген сонау бақты шын.

    Бүгінгі күнім құйынды нөсер жыр болып,
    Махаббат қалды жүректе шерлі мұң болып.

    Жүрмес пе, ем бұлай сарала күтіп, аңсаумен,
    Мекеніңді болсын білетін болсам жан сәулем.

    Ақ жауын
    Бейнеңе көз салып түнімен,
    Тілдесем жүректің үнімен.
    Ақ жауын Алтынай еркемді,
    Қапа қып алдым ба, шынымен,
    Жүректің мұңымен.

    Ақ жауын қайғаға ораған,
    Сабырды сарқымай тонаған.
    Жүректің қалауы Алтынай,
    Әйтеуір, болсыншы, сол аман.

    Қызғаныш жаныма гүл егіп,
    Ақ жауын сезімді үдетіп.
    Өзіңді сағынып Алтыным,
    Кеп тұрмын аулыңа күн өтіп.




    Ақ жауын тілгілеп арқамды,
    Көз жасым орнына бал тамды.
    Шынымен ақ жауын сол түні,
    Жоғалтып алдым ба, қалқамды,
    Жеңе алмай жалғанды.

    Қоштасу
    Қайғымды іштей жеңіп ем,
    Болашаққа мен сеніп ем.
    Алыстап сенен барамын,
    Жылжыған жылдар легімен.

    Жете алмай саған қалдым ба?
    Жалғыздық әнге салдым ба?
    Адыра қалдым, қол жетпей,
    Тұрсаң да менің алдымда.

    Шешімге бұлай барғаным,
    Сезімнің жеңдім жалғанын.
    Жауабымды айттым ертерек,
    Болдың-ау, менің арманым.

    Төзімім менің таусылды,
    Аңсадым сенің даусыңды.
    Шегі жоқ мынау әлемде,
    Жүремін жалғыз жау сынды.

    Саялап мені панам деп,
    Құшағыңды аштың маған тек.
    Өткен күн қайта келмейді,
    Сағынсам сені шарам жоқ.

    Құшағын бізге жайды күн,
    Құлпырған қырда май гүлім.
    Қаншалық мені сүйсең де,
    Ұмытқын мені Айгүлім.

    Құрбан қып бала шағымды,
    Сағынды, көңілім сағынды.
    Жарыңа адал болғайсың,
    Қинама енді жаныңды.

    Елестеп саған бал әнім,
    Өзгенің отын жағамын.
    Қоштасу сөзімджі айтумен,
    Шарасыз кетіп барамын..!




    Бала махаббатыма

    Мен ержеттім,
    Сен бойжеттің, қарындас,
    Көңілің табу қамал болды алынбас.
    Сені ұнатқан жастайыңнан мен бір ер,
    Құшағыма ен, күлімсіре, бағымды аш!

    Мен бозбала,
    Сен арусың – кермиық,
    Жүрек жарды сезімімді желдей ұқ.
    Алшақ кетпе ауылыңнан, қон қолға,
    Көзден ұшқан жас дәуренді тербейік.

    Жас студент,
    Сен де болдың менімен,
    Тіл жетпейтін, әсем ару, теңім ең.
    Қуат берер үлбіреген ай жүзің,
    Жас жарама шипа берер емі ме, ең?!..

    Мен ақын ем,
    Сен де ақын ең, ерекше,
    Қаз тізілген қырық қыздан бөлекше.
    Күн көркіңді ақ жырыммен әспеттеп,
    Айдан алқа тағар едім, керексе...

    Мен жыр едім,
    Сен гүл едің, білемін,
    Ай әсемдеп, күн көмкерген білегін.
    Сен- Жібексің,
    Мен- Төлеген,
    ...Қособа...
    Қапылыста тоқтап қалған жүрегім...

    Ақтолғайым

    Аруым, арман-елік, Ақтолғайым,
    Сырымды айтып бір үзік, сәт толғайын.
    Жанашырдай жаныма сенген саған,
    Елестеп қиырлардан жат болмайын.

    Бірі боп жүрсең егер қылықтының,
    Сезімге адал жігіт, құлықтымын.
    Әлі талай өзіңді жырға қосам,
    Шырмауына түспесең құрықтының.

    Дос көріп көңіліме сырласамын,
    Жабықсаң, қайғы бөліп, мұңдасамын.
    Жәудіреген, ботадай көздеріңе,
    Тік қарасам, бақыттан шыңға асамын.

    Жанарыңда сәуле бар сезім дейтін,
    Маһшарға жеткенінше көз ілмейтін.
    Арыңды пәк қалпында сақтап тұрар,
    Көздеріңде бір күш бар төзім дейтін.

    Сөзіңе шыр айналып қалған басым,
    Тіліңнің де кермегі балдан басым.
    Екеумізге бір жүрек нәсіп етіп,
    Болу бақыт, өзіңнің армандасың.

    Барлық жанға айтатын мұңсыз тілек,
    Тұрады жан жылуын мінсіз тілеп.
    Бағың сенің жаратқан Тәңірімнен,
    Өр кеудеңе орнатқан шыншыл жүрек....

    Нәзіктік бар қызға тән жүрегіңде,
    Арыңды қорғар күш бар білегіңде.
    Сендік жолда жаралы жаным құрбан,
    Тек қана аман болсаң бұл өмірде...

    Айлы түн

    Көңілін бізге жайды кім?
    Жанымда қалды қайғы түн.
    Тағы да келдің, ауылға,
    Тағы да келдің, Айлы түн.

    Айтылмай сезім арман ән,
    Көңіл-құс, алға самғаған.
    Арудың бірі сен болдың,
    Сағыныш сөзін арнаған.

    Емірене тұрды бар маңай,
    Қанатым мәңгі талмағай.
    Айлы түн келді,
    Сен келдің...
    Қолым бір жетпей қалғаны-ай!

    Қасымнан өттің көзге ілмей,
    Айта алмай қалдым кез келмей.
    Бармадым,
    Шешімді дұрыс деп біліп,
    Солайын сонда білгендей.

    Құшағына алды...
    Қымсындың...
    Еркімен сүйдің құлқыңның.
    Мен болсам мұнда қызғанып,
    Жылап жатқанымды кім білсін?!



    Құлашын кеңге жайды мұң,
    Жанымда қалды қайғы түн.
    Несіне, келдің, ауылға,
    Бекер-ақ, келдің, Айлы түн.

    Қыз сыры
    Алтынайдың қойын дәптерінен...
    Болсам да күмісің де, алтының да,
    Өзіңе езу тартып, шалқыдым ба?
    Еркелетіп аласың кей күндері,
    Көріп жүрмін көңіліңнің салқынында.
    Түсінбейтін сырым жоқ жалпы мұнда.

    Болсам да алтының да, күмісің де,
    Кеп мазамды алмайсың түн ішінде...
    Көксегені көңілдің махаббат қой,
    Демес пе, еді «Жең сынса қол ішінде».
    Сені сүю білмеймін, кемісім бе?

    Болсам да ғашығың да, асылың да,
    Дүрмекке толы мына ғасырыңда.
    Тіпті, кейде алдымда ұяласың,
    Махаббатың менен де жасырын ба?
    Сыпайылық әуелден ғашығың ба?

    Болсам да күйгенің де, сүйгенің де,
    Сол түні тұл денеме тимедің де...
    Келші, жаным оңаша сырласайық,
    Сол кеште шынымен де үйде едің бе?
    Күлкілі, әрі ғажап сүйгеніңде...

    Сағыныш

    Сезімнің өшкен шырағы,
    Көгімде ән боп тұрады.
    Сағыныш дейтін самалың,
    Жаныма шаттық құрады.
    Таба алмай жүрмін бірағы...
    Қайырмасы:
    Ертеңнен мен де сый күтем,
    Жанымды жырмен үгітем.
    Жылатып кеттің келін боп,
    Жыламай жүрген жігіт ем.
    Сағыныш жырын жыйды кең.

    Өзгеге кеттің еркіңмен,
    Жүрегім мұздап серпілген.
    Кеп қалар деген – сағыныш,
    Айныған жоқпын сертімнен.
    Тілеймін соны мен күннен.

    Досқа хат
    (Бейбітке)

    Білмессің сен, бәлкім сен білмегенсің,
    Өйткені, жанымда ылғи жүрмегенсің.
    Айлы түн мені мұнда жалғыз тастап,
    Сауық құрып онымен жүр ме, дерсің?!

    Рас, солай шығар,
    Бәлкім басқа,
    Еріксізбін, шамам жоқ, алқынбасқа,
    Түсінер деп жырыммен ақ қағазға,
    Сия бүркеп бір қолқа салдым досқа.

    Өз еркің келіспесең, келіссең де,
    Не шығады екеуміз керіскенде.
    Құлай сүйіп,
    Ынтығып тұрған оған.
    Не деп жауап айтамын көріскенде?

    Айтшы досым,
    Қайсысын қор ғып едім,
    Болғанда сен – бауырым,
    Ол – жүрегім.
    Мөлдірді шын мәнінде сүйген болсаң,
    Тек қана бағын тіле сол тілегім.

    Мені де кінәлама,
    Еркің білсін,
    Кеудеңе шырмалған ой еркін кірсін.
    Қашаннан қамшы ұстаған серілерге,
    Дегені бар емес пе, «еркін білсін...».

    Мөлдір деп езілмегін, жыламағын,
    Бар болғаны сен оған ұнамадың.
    Бір қыз үшін жағаны жыртыспайық,
    Ал, басқа не айтсаңда құп аламын.

    Еріксіз ойға шомды тіршілігім,
    Хал-жайымның хабарын білші бүгін.
    Қабыл болсын, Құдайға құлшылығың.
    Абат болсын, Мөлдірсіз тіршілігің!








    Ақын ағама
    (Зікіра Қожаевқа)

    Байыппен қарап жан-жақты,
    Қияға көңіл шарлатты.
    Сыйымды әнмен қабыл ал,
    Ағасы елдің ардақты.

    Белгілі, таныр жанға ағың,
    Ақкөңіл, ашық жан-жарың.
    Бүгінге жеттің мойымай,
    Салса да өмір салмағын...

    Әсем ән толы таңдайың,
    Тілің де жұмсақ балдай-ын.
    Өлеңнен іздер өз бағын,
    Аман бол, аға, әрдайым.

    Елуің-келген бағың ба?
    Жанартау орнап бағыңда.
    Бақытқа толсын ертеңің,
    Қамшының келте сабында.

    Жырымды салып елекке,
    Табылдың әркез керекте.
    Бағаңды алдың, халықтан,
    Биікке ұмтыл, өрекпе!

    Табылар деп...

    Самал соғып, көктем күні мазаны алды,
    Өткермеген тағы не жаза қалды?
    Мені жалғыз қалдырып кеткеніңмен,
    Дей алмайсың, жүрегім тазаланды.

    Қар да тұр ыңғай берсең борағалы,
    Көктем тағы келдің бе, тонағалы?!
    Өмір танып, ұядан ұшқан аққу,
    Жыл өтсе де сол көлге қона алады.

    Жаңбыр да сіркіреп тұр желге ұласып,
    Кеттің сәулем айшылық жолды асып.
    Қолымда өзің берген орамалың,
    Жас тыйылмай отырмын мен құлазып.

    Ызғар әлі кетпеген самайымнан,
    Заман қатал жартыны қақ айырған...
    Жыламсырап тұрғанда ынтық үнмен,
    Қайта келші деп жылап салайын ба, ән?!


    Дайысыңды естісемші жел өтінен,
    Мәңгі сенің ырқыңа көнетін ем.
    Қоштасып тұрып саған айтқанымды,
    Бекер ме,- деп, қиналып, мен өкінем.

    Ар алдында кем түспес бағаң болып,
    Жүруші ек махаббатқа адал болып.
    Енді неге бұл күні жырақтасың,
    Кеттік пе, түсінігі аз надан болып?

    Таға алмаймын тірлікте арыңа мін,
    Деген ең сағынғанда табыламын.
    Таба алмай сендей сұлу жер бетінен,
    Табылар деп жанымнан сағынамын...
    Кешер деп сол қатемді ойыма а

    Пікірге жауап жазу

  • Нұрлан ИСАЕВ

    2012-07-19 16:28:14

    Cені сағындым

    Қинайды жанды түсіме бейуақ кіргенің,
    Өзіңмен жаным, түсімде ғана біргемін.
    Білмейді-ау, маған ғашық боп жүрген арулар,
    Менің де қолым бір саған жетпей жүргенін...

    Қинайды мені өңімде кетсең қайрылмай,
    Жүрегім жылар, сағыныш менің қайғымдай.
    Аққу-қазынан айрылып қалып тартылған,
    Күй кешіп жүрмін оңаша қалған айдындай.

    Кешіктірместен аулыңа барып бір күннен,
    Нәр алушы едім, сыңғырлап аққан күлкіңнен.
    Жолыңа қарап, ебектеп саған жүруші ем,
    Қояр жер таппай жүрегімді асау сілкінген.

    Оралмас болып, сол күндер кетті елес боп,
    Жанымда жүрсең алмайтын асу, белес жоқ.
    Өткен күндерге айналып қайта келмейсің,
    Түсіме еніп, бірақ та, маза бермейсің,
    Дана жан, сені сағындым...

    Пікірге жауап жазу

  • Нұрлан ИСАЕВ

    2012-07-19 16:26:09

    Мен сені білуші едім... білмеуші едім...

    Мен сені білуші едім...
    Сен дағы білуші едің...
    Рахатың жылатып жүру сенің...
    Айдынға оралмаған аққудай боп,
    Қол бұлғап қиырлардан тұрушы едің...
    Тұрғызып тәтті ұйқымнан түндерімде,
    Оңаша сайраныңды құрушы едің...
    Сен мені сүймесіңді сезінсем де,
    Мұңымды іште сақтап жүруші едім.
    Қусаңда қасқайып тұрушы едім.
    Ұрыссаң да назданып күлуші едім.
    Сырласып қайыңменен қаларымды,
    Мойындамасам да, білуші едім.
    Сезіміміз мәңгілік шарпымасын,
    Сен дағы білуші едің...

    Мен бәрін білуші едім...
    Сен мені білетін ең...
    Қорғар ем, «қаладағы жел өтінен».
    Қайтара алмай қапалы тілегіңді,
    Ал қызылға бояр ем гүл өңіңді.
    Нөсерге малындырмай көктем күні,
    Шатыр қып құшақтар ем, білегімді.
    Қиналып жүргеніңді көзден оқып,
    Күн ұзаққа тасушы ем керегіңді.
    Осы қазір жаныңнан оралсам да,
    Сағынар ем, естісем дерегіңді.
    Сен жүретін жолдардың барлығына,
    «Құласа...» деп төседім жүрегімді.
    Себебі, қыз ғұмырды білуші едім...
    Сондықтан алып-ұшып жүруші едім...
    Жәй ғана «сүйе алатын шығармын» -
    Деген оймен жүруші едің.
    Бірақ сен, сүйе алмасыңды білуші едің...

    Мен сені білуші едім...
    Бірақ, сезбеуші едім...
    Сен мені білуші едің...
    Адал едім сезімге,
    Тұрушы едім сөзімде...
    Әр кездесуге шақырғаныңда,
    Қиналып тұрушы едім...
    Сабылып мені іздегеніңде,
    Мен бұғушы едім...
    Қаладан құрушы едім...
    Тұрсам да жауап күтіп шынымды айтып,
    Түңілдіріп кетуші ең, мұңыңды айтып...
    «Алмақтың да салмағы» барын біліп,
    Күтумен қалмай сенен жүруші едім...
    Көмейдің напәқасынан жырушы едім...
    Әттең, бәрі өткеннің еншісінде кетті!
    Өкінішті... бірақ, бірақ,
    Сені білем дегенмен шын мәнінде -
    Сен менің қандайымды білгеніңмен,
    Ондай жан екеніңді білмеуші едім...
    Сен мені пайдаландың...!

    Пікірге жауап жазу

  • Нұрлан ИСАЕВ

    2012-07-19 16:24:49

    Бақытты бол!
    (Ж...ға!)
    Жандардай құнды затты бағалаған,
    Ұнамадың дедің бе, жаңа маған?!
    Айтудан бұрын бір сәт ойладың ба?
    Өзіңді жүрегімді жаралаған...

    Ұнамадың дедің бе?
    Ұнамайын!
    Басымды иіп мейірім сұрамайын.
    Шапағатсыз қалдырмас бұл ағайын.
    Сәт туып тұғырымнан құламайын.

    Ұнамайын, көңіліңнен шықпайын.
    Оңашада жасым төгіп сықтайын.
    Енді еріксіз күлімсіреп қоштасам,
    Тағдыр сынақ берген кезде бұқпайын.

    Қоштасасың.
    Анық қайта келмесің.
    Сол түнгідей жанға жылу бермесің.
    Сені тастап кетті екен деп шау тартпай,
    Не болса да махаббатым өлмесін!
    Анық сонда екінші рет өлмесім!

    Менен ұзап барасың сен!
    Қалауың.
    Сөндірумен мәңгі жастық алауын.
    Күлгеніммен ішім жылап тұрса да,
    Бақытты бол, соңғы айтар жауабым!
    Алла берер шапағат пен сауабын!


    Өмірге наз

    Өмір мені ерте есейтті...
    Пайдаланып ағамның да жоқтығын.
    Ағам менің болған еді,
    Дәл қасымда жоқ бүгін!

    Биіктерге шығамын деп талпынсам,
    Ақыл айтар ағатай жоқ нар тұлға.
    Інішектің ізетінен артылсам,
    Наз айтатын қарындас жоқ артымда.

    Ата-анам сау, бауырларым-бақуат!
    Шүкіршілік аутудан еш жалықпан.
    Өзім-аман! Жүріп келем жондарда,
    Келмес күнді армандаумен зарыққан.

    Пікірге жауап жазу

  • Нұрлан ИСАЕВ

    2012-07-19 16:21:36

    Өкініш

    Бақытқа құлаш ұрсам да,
    Есігіңді кеп қақпаймын.
    Жанымда Жібек тұрсаң да,
    Сезімді іште сақтаймын.

    Ұнатып едім, көргеннен,
    Ішімде сақтай білдім ғой.
    Жүрсам де жырақ елден мен,
    Ұмытпай сені жүрмін ғой.

    Қайырмасы:

    Сағыныш самал өпкенде,
    Мұңымды айтам көктемге.
    Неліктен, жаным, неліктен,
    Оралмай жүрміз өткенге.
    Ойымда жүрсің әлі де,
    Қай жаққа сапар шексем де.
    Айырған бізді тағдырға,
    Өтінем жаным кектенбе!

    Жалғасып өмір-мектебім,
    Кемеге міндім жырдай-ын.
    Ұмытты бәрін деп пе, едің?
    Түсімде көрем күн сайын...

    Қалайша «қош» деп айта алам,
    Пердесін түннің ашар ма, ең?
    Жолықсаң маған, қайтадан,
    Басқаша бәрін жасар ма, ем?!

    Пікірге жауап жазу

  • Нұрлан ИСАЕВ

    2012-07-19 16:18:13

    Күз бен күздің арасы

    Тынысымыз тарылғандай біздің кең,
    Өзгелерге аш көзімді сүздім мен...
    Өмірлік дос іздеп өзге өлкеден,
    Осылайша сенен үміт үздім мен.

    Болмағанмен өзің айтқан сөзде мұң,
    Қылымсыған күлім көзді көздедім.
    Құмартатын қылығыңа қана алмай,
    Жүргенімді сен неліктен сезбедің?

    Құнды заттай бағалаушы ем, мен сені,
    Сүйе алмасың езер әркез еңсені.
    Тіпті, сені сүйгендігім соншалық,
    Ай, Жұлдызға тең деп білдім ең кемі.

    Махаббатым саған деген өлшеусіз,
    Сен де, мен де сүю үшін келгенбіз!
    Таныстырған есіңде ме, күз еді,
    Біз бақытты болармыз деп сенгенбіз.
    Қоштасуға себеп боп тұр баяғы,
    Табыстырып, бізге бақыт берген күз!

    Ешкімнің жоқ бұл тағдырға шарасы.
    Жазылар-ау, жүректердің жарасы.
    Шын бақытты болған кезім, әрине,
    Күзбен күздің арасы..!

    Пікірге жауап жазу

  • Нұрлан ИСАЕВ

    2012-07-19 16:15:14

    Шындығым...
    Келемін бала кезімнен,
    Бақытымды іздеп маһшардан.
    Өзіңе деген сезімнен,
    Жиырмада шашым ақ шалған.

    Атағым кетті асқақтап,
    Күйкішіл болған қауымға.
    Күн кешем жалғыз, жырақта,
    Оралғым келмей ауылға,
    Ағайын-туыс, бауырға.

    Жанымнан керім жыр бүркіп,
    Күн көріп, қанша түн түрдік.
    Достармен бұл күн ұзаған,
    Кезінде "достай" бір жүрдік.
    Жырақтап кеттім кейін мен,
    Себебі оның - күншілдік...

    Еленбей әлі жүргенмен,
    Атақты алдым азды-көп.
    Шын талантымды білгеннен,
    Көре алмай кетті "менен де
    Қымбат жыр мынау жазды деп"...

    Ызғар да ұрды бетті көп,
    Жастығым жалғыз өтті бек.
    Жүрмегенімен көк тіреп,
    Әрдайым шетке ысырды,
    «Біздерден өсіп кетті» деп...

    Осылай бәрі сұлуым.
    Отыруым менен тұруым...
    Қаталмын кейде, себебі,
    Аз көргем достық жылуын.
    Жалғыз боп жүріп сондықтан,
    Өлеңге мойын бұруым..!

    От көрсе құмар көбелек,
    Қайталмас бірақ, көре кеп!
    Достарым жайлы сұрама,
    Таныстырмайсың неге деп...

    Арайлым, жауһар, жаһұтым,
    Сенімен менің бақытым!
    Жалғыз-ақ, досым бар менің,
    Ол досым мәңгі - шабытым!
    Жасындай жастық уақытым!

    Осы өлеңіме баға берсеңіз екен!

    Пікірге жауап жазу

  • Мейрамбек

    2012-07-09 22:47:57

    Асалаумагалеикум Калкаман ага өлеңдеріңізді жан дүниеммен окыимын сізге тек бакыт тлецмін казактын қара өлендерін нөсерлетіп көбейте беріңіз мені шакірт етип алынызшы менде жас акынмын

    Пікірге жауап жазу

  • Тажибаева Газиза Бактиярқызы

    2012-06-26 14:35:44

    Калкаман ага Сәлеметсізбе? Сурак-жауап айдарыныздағы бір шама сурактарга жауап беріпсіз. Окырмандарыныздың кокейлерінде журген сурактарына жауап алгандарына және менде оте куаныштымын. Руыңызды сураган жауапка - руым КОЖА деп жауап беріпсыз. Жеке почтанызда Калкаман Айт-Кожа деп жазылган. "Айт" созі тіркеспе? Нені білдіреді.

    Пікірге жауап жазу