Аудио плейер мен е-кітап

Құрметті, оқырмандар!

Баршаңызға қуана жеткізер екі жаңалығым бар. Екеуі де менің шығармашылығымды сіздерге жеткізудің тың әдісі болып табылады. Енді сіздер "Жүрек сөзім" атты өлеңдерімнің аудо нұсқасын сайтқа кірген бойда, ешбір бетке өтіп жатпастан, бірден тыңдай аласыздар. Бұл, өздеріңіз байқағандай сайтымыздың ең үстіңгі жағында орналасқан. Сайтқа жаңа келген оқырмандардың назарын аудару үшін қазір оны автоматты түрде ойналатын етіп қойдық. Уақыт өте ол функцияны тоқтатамыз. Тек қалаған адам өзі пайдаланатындай болады. Плейерді басқару оңай. Алдыңғы немесе келесі өлеңді тыңдау мүмкіндігі, дауысты азайтып-күшейтетін, сондай-ақ курсор арқылы ойналып жатқан өлеңді алға не артқа жылжыту мүмкіндігі қарастырылған.

Бұрын сіз "Мультимедия" бөліміндегі "Жүрек сөзім" айдарын тыңдау үшін әр өлең біткен соң келесі өлеңді басып ойнатып отырсаңыз, қазір енді бұл плейер автоматты түрде жинақтағы менің барлық өлеңдерімді бірінен соң бірі ойната береді. Бір өлең айтылып болған соң келесісі өздігімен басталады.

Сондай-ақ келесі жаңалығымыз, ол сайтқа менің "Арманымның бейнесі" атты жыр жинағымның электронды нұсқасы, яғни е-кітап түрі орналастырылды. Кітап сайтымыздың сол жағындағы панельде, "Жүрек сөзім", "Жібек сезім" атты менюлердің астында орналасқан. Кітапты оқу үшін қақ ортасынан бассаңыз жетіп жатыр. Өзі үлкейеді. Беттерге өту үшін курсорды солға қарай жылжытасыз. 

Ендеше, баршаңызға сәттілік! 

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Фариза

    2012-01-24 14:47:21

    Өлеңдеріңізбен қоса даусыңыз да сондай әдемі болар ма еди?! Сіздің өлеңдеріңізді өз оқуыңызда тыңдаған сайын ерекше әлемге ене түсемін. Сол сәттегі күйімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.......................
    Аллам сізді тіл-көзден аман сақтағай!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Гульзира

    2012-01-22 03:02:06

    Керемет! Жаксы жаналыгыныз коп болсын!

    Пікірге жауап жазу