Аудио плейер мен е-кітап

Құрметті, оқырмандар!

Баршаңызға қуана жеткізер екі жаңалығым бар. Екеуі де менің шығармашылығымды сіздерге жеткізудің тың әдісі болып табылады. Енді сіздер "Жүрек сөзім" атты өлеңдерімнің аудо нұсқасын сайтқа кірген бойда, ешбір бетке өтіп жатпастан, бірден тыңдай аласыздар. Бұл, өздеріңіз байқағандай сайтымыздың ең үстіңгі жағында орналасқан. Сайтқа жаңа келген оқырмандардың назарын аудару үшін қазір оны автоматты түрде ойналатын етіп қойдық. Уақыт өте ол функцияны тоқтатамыз. Тек қалаған адам өзі пайдаланатындай болады. Плейерді басқару оңай. Алдыңғы немесе келесі өлеңді тыңдау мүмкіндігі, дауысты азайтып-күшейтетін, сондай-ақ курсор арқылы ойналып жатқан өлеңді алға не артқа жылжыту мүмкіндігі қарастырылған.

Бұрын сіз "Мультимедия" бөліміндегі "Жүрек сөзім" айдарын тыңдау үшін әр өлең біткен соң келесі өлеңді басып ойнатып отырсаңыз, қазір енді бұл плейер автоматты түрде жинақтағы менің барлық өлеңдерімді бірінен соң бірі ойната береді. Бір өлең айтылып болған соң келесісі өздігімен басталады.

Сондай-ақ келесі жаңалығымыз, ол сайтқа менің "Арманымның бейнесі" атты жыр жинағымның электронды нұсқасы, яғни е-кітап түрі орналастырылды. Кітап сайтымыздың сол жағындағы панельде, "Жүрек сөзім", "Жібек сезім" атты менюлердің астында орналасқан. Кітапты оқу үшін қақ ортасынан бассаңыз жетіп жатыр. Өзі үлкейеді. Беттерге өту үшін курсорды солға қарай жылжытасыз. 

Ендеше, баршаңызға сәттілік! 

Пікіріңізді жазыңыз...

  • саьит тыныбаев

    2012-04-04 22:33:38

    жаксы жазылған екен ұрпаққа осындай ұлы создерді жеткізетін адамдар аз шығар шабытынызға жетістік тілеймін

    Пікірге жауап жазу

  • Елемесова Умит

    2012-03-27 22:29:04

    маган Сіздің кешіңіз ұнады, кітабыңызды кайдан стып алуға болады. Орал қаласында қай дукендерде болады: Рахмет сізге.

    Пікірге жауап жазу

  • Азамат Нұрмұқан

    2012-03-18 01:39:15

    Шынымен де тамаша ойластырылған екен рахмет улкен алла жар болсын!

    Пікірге жауап жазу

  • Ертістің жағасынан

    2012-03-16 22:09:17

    бұрындары жас ақындардығ өлеңдеріне қолымыз жетпей жүруші еді...

    осындай сайт ашып өлеңмен сусындатып жатқаныңызға үлкееееен рахмет!

    Алла өзі жар болсын сізге!

    Пікірге жауап жазу

  • Әбдуәлиева Арайлым Нажмадинқызы

    2012-02-18 23:55:25

    Сәлеметсізбе Қалқаман аға!!!!Мен сіздің өлеңдеріңізбен сусындап өсіп келе жатқан қарындасыңызбын!!!!Сіздің осындай кең колемди жаналықтарыңызды көріп шынымды айтсам қуанып отырмын!!!!әрқашан Өлеңдеріңіздің Қанаты талмай қаламыңыз жан серігіңізге айналып жүр ебергей)))Бір Аллам Өзіңізге барлык нұрын төксін!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Жұлдыз

    2012-02-17 08:32:30

    Саламатсызба. Маған да сіздің өлеңдерңіз ұнайды. Бұл сайтқа бірінші рет кіріп, авторлық сайтыныздың барына қунып отырмын. Е-кітабыңызды енді жүктелетін қылсаңыз)) интернеті жоқ адамдарда оқи алмайды ғой.

    Пікірге жауап жазу

  • Ляззат

    2012-02-13 11:01:09

    Қалқаман аға керемет!!!!әрқашан жасай беріңіз!!!!!Халыққа берер жаңалығыңыз көбейсін!!!әрдайым ықылас пен түзу ниеттерге бөленіп жүре беріңіз!!!!өлеңдеріңіз жүрекке сенім мен сезім, имандылық ұялатады!!!!! үлкен рахмет мың жасаңыз!!!!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Айтбай Исатай

    2012-02-09 12:43:51

    Китаптарынызды али алган жокпын студентпин акшам жетпей жур! Ал бирак Интернеттке енгизген оленизди жаттап журмин. КИТАП АЛУШЫЛАР НАЗАРЫНА Калкаман Сариннин китабы
    . Астана каласы. Сейфуллин кошесі - 33, "КНИГОЛЮБ" дукенінде .. К.САРИНнін "АРМАНЫМНЫН БЕЙНЕСІ" атты кітап жане «ЖУРЕК СОЗІМ-ЖІБЕК СЕЗІМ» атты унтаспаны ала аласыздар!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Махриза

    2012-02-09 12:26:48

    Салеметсизбе! Жаналыгыныз оте жаксы екен естип бир куанып калдым. Сиздин акындыгыныз соз жок тамаша, сиз ушин оте катты куанамын. сизге Аллам тек зор денсаулык, мол табыс, отбасынызга береке - бирлик берсин. Сиздин олендеринизди окып кереметтей болып каламын. Бир окиништиси сиздин китаптарынызды кай жерде сатылатынын таппай журмин. Мен тек интернеттен карап онлайн жуйесинде окып журмин. РАХМЕТ сизге коп-коп. Тагыда куантатын жаналыктарыныз коп бола берсин!!!!!!!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Айтбаев Исатай Айтбайулы

    2012-01-29 00:41:48

    Ассаламагалейкум Калкаман ага олендериниз шетинен бари керемет!! Аудио музыкаларынызды неге тарта алмай жатырмын калай тартуга болады Жумыстарынызга саттилик тилеймин

    Пікірге жауап жазу

  • Фариза

    2012-01-24 14:47:21

    Өлеңдеріңізбен қоса даусыңыз да сондай әдемі болар ма еди?! Сіздің өлеңдеріңізді өз оқуыңызда тыңдаған сайын ерекше әлемге ене түсемін. Сол сәттегі күйімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.......................
    Аллам сізді тіл-көзден аман сақтағай!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Гульзира

    2012-01-22 03:02:06

    Керемет! Жаксы жаналыгыныз коп болсын!

    Пікірге жауап жазу