Аудио плейер мен е-кітап

Құрметті, оқырмандар!

Баршаңызға қуана жеткізер екі жаңалығым бар. Екеуі де менің шығармашылығымды сіздерге жеткізудің тың әдісі болып табылады. Енді сіздер "Жүрек сөзім" атты өлеңдерімнің аудо нұсқасын сайтқа кірген бойда, ешбір бетке өтіп жатпастан, бірден тыңдай аласыздар. Бұл, өздеріңіз байқағандай сайтымыздың ең үстіңгі жағында орналасқан. Сайтқа жаңа келген оқырмандардың назарын аудару үшін қазір оны автоматты түрде ойналатын етіп қойдық. Уақыт өте ол функцияны тоқтатамыз. Тек қалаған адам өзі пайдаланатындай болады. Плейерді басқару оңай. Алдыңғы немесе келесі өлеңді тыңдау мүмкіндігі, дауысты азайтып-күшейтетін, сондай-ақ курсор арқылы ойналып жатқан өлеңді алға не артқа жылжыту мүмкіндігі қарастырылған.

Бұрын сіз "Мультимедия" бөліміндегі "Жүрек сөзім" айдарын тыңдау үшін әр өлең біткен соң келесі өлеңді басып ойнатып отырсаңыз, қазір енді бұл плейер автоматты түрде жинақтағы менің барлық өлеңдерімді бірінен соң бірі ойната береді. Бір өлең айтылып болған соң келесісі өздігімен басталады.

Сондай-ақ келесі жаңалығымыз, ол сайтқа менің "Арманымның бейнесі" атты жыр жинағымның электронды нұсқасы, яғни е-кітап түрі орналастырылды. Кітап сайтымыздың сол жағындағы панельде, "Жүрек сөзім", "Жібек сезім" атты менюлердің астында орналасқан. Кітапты оқу үшін қақ ортасынан бассаңыз жетіп жатыр. Өзі үлкейеді. Беттерге өту үшін курсорды солға қарай жылжытасыз. 

Ендеше, баршаңызға сәттілік! 

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Динара Башан

    2013-03-17 22:34:59

    Абай туған топырақтан тағы бір Абайдай дара тұлға жарқ еткендей болады да тұрады маған.Қалқаман аға шығармашылығыңызға тек толағай табыстар тілеймін!!! Армандарыңыз санаңызда тек бейне ғана боп қалмасын,,,,орындала берсін!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Шарайна

    2012-11-12 22:45:56

    сәлеметсіз бе, сіздің шығармашылық кешіңізде өзіңіз оқыған өлеңдеріңізді қалай жүктеп алуға болады?

    Пікірге жауап жазу

  • зангар

    2012-10-20 16:15:54

    олендеринизди оки алмай журмин кайдан тапсам болады екен китабынызды?

    Пікірге жауап жазу

  • Нұрлан ИСА

    2012-10-03 20:04:14

    Құрметті, Қалқаман САРИН! Сіздің шығармаларыңыз елдің игілігіне жарап, жүрегі қазақпын деп соғатын әрбір адамнын сүйіп оқитын шығармасына айналғанына мен бек қуаныштымын! Өткен жылы жарық көрген "Арманымның бейнесі" атты тұңғыш жыр жинағыңызды қолға алып оқудың реті келмей, тек қана электронды нұсқасын ғана оқыдщым. Мөлдір махаббат пен астасып жатқан шығармаларыңыз көңіл қуантарлықтай... Жаһандану саясатының құрбаны болған Қазақстан үшін, Қазақ халқы үшін Қазақ Әдебиетіне Фариза мен Мұқтардан кейінгі келген Сіздің орныңыз ерекше...Сіздің қаламыңыздан туған әрбір шығарма жастарға жігер беріп, жасы егүде тартып қалған аға-апалаымыз үшін сабыр, төзім, ертеңгі күнге деген сеннімдерін, Алланың бар екенін еске салуымен Қазақ Әдебиетінде дараланып тұр!!! Алдағы уақытта да Сіздің қарымды қаламыңыздан туған тың шығармаларыңыз халыққа жол тартарына сенімім кәміл. Иншаллаһ, солай болғай...

    Пікірге жауап жазу

  • Гульназ

    2012-08-14 16:58:23

    Саламатсыздар ма! олендериниздин СД дискисин немесе аудио нускасын кайдан алуга болады?

    Пікірге жауап жазу

  • Кыргауыл

    2012-05-24 10:59:32

    Салеметсиз бе! маган сіздің олендериниз катты унайды. Калай жүктеп алсам болдады?

    Пікірге жауап жазу

  • Ақбаян Баянқызы

    2012-05-21 15:39:54

    Сәлеметсізбе, кітабыңызды қалай жүктеуге болады.

    Пікірге жауап жазу

  • Aidana

    2012-05-19 20:17:02

    Салеметсиз бе? Маган сиздин олендериниз катты унайды! Олендериниздин ман-магынасы терен, адамга ой тастайды! Семейде кашан шыгармашылык кешинизди откизесиз? Айдана, Семей

    Пікірге жауап жазу

  • Карлыгаш Сахиева

    2012-05-08 18:20:39

    маган сайт оте катты унады. Авторлык кешинизди тагы откизбейсизбе Астанада?

    Пікірге жауап жазу

  • Аружан

    2012-04-12 20:53:06

    Калкаман ага сиздин кешинизде олендеринизди окыган кыз-жигиттер калай тандап алынды? Оган арнайы кастинг жургизилди ме? Мен де солай сиздин олендеринизди орындагым келеди. Осы туралы ашык жауап берсениз. Жане сиздин китабынызды Кызылорда каласынан калай тауып алсам болады?

    Пікірге жауап жазу