Hacked by FORBIDD3N

X

#1 Сұрақтарға жауаптар

 

Тимур Бектұр: Сіздің kalkamansarin.kz - авторлық сайтыңыздың ашылғанына, халыққа жол тартқанына жарты жыл уақыт болды. Сайтыңыздың мақсаты – оқырмандарыңызға өлеңдеріңізді де, сөзіңізге жазылған әндерді де бір жерге топтастырып, сіздің өнеріңіздің жанашырларына құнды дүние жасау еді. Осы жарты жыл аралығында сайт арқылы шығармашылығыңызбен танысып, өлеңдеріңізбен сусындаған біршама оқырмандардан жылы дебіздер, тілектер толастаған жоқ.

Сонымен қатар, сіздің шығармашылығыңызға қатысты өз сұрағын жолдағандар да бар. Сіздің сайтыңыздың негізгі ұстанымы да осы оқырмандарыңызбен ой бөлісіп, ғаламтор әлемінде байланыс орнату болғандықтан, сұрақтарды жауапсыз қалдырған орынсыз сияқты. Бес ай көлемінде жинақталған сұрақтар іріктеліп алынды. Оның алғашқысы - Сапарбаев Тұрар деген ініңіздің жолдаған сауалы. «Өлең жазғанда қандай тақырыпты және нені алға тартасыз? Мен де артыңыздан ерген ақындардың бірі едім, ақындықтың сырларын үйрете аласыз ба?» деген сұрақ екен.

 

Толығырақ:

.:[Hacked by simpleS]:.

.:[Hacked by forbidd3n]:.

Аудио плейер мен е-кітап

Құрметті, оқырмандар!

Баршаңызға қуана жеткізер екі жаңалығым бар. Екеуі де менің шығармашылығымды сіздерге жеткізудің тың әдісі болып табылады. Енді сіздер "Жүрек сөзім" атты өлеңдерімнің аудо нұсқасын сайтқа кірген бойда, ешбір бетке өтіп жатпастан, бірден тыңдай аласыздар. Бұл, өздеріңіз байқағандай сайтымыздың ең үстіңгі жағында орналасқан. Сайтқа жаңа келген оқырмандардың назарын аудару үшін қазір оны автоматты түрде ойналатын етіп қойдық. Уақыт өте ол функцияны тоқтатамыз. Тек қалаған адам өзі пайдаланатындай болады. Плейерді басқару оңай. Алдыңғы немесе келесі өлеңді тыңдау мүмкіндігі, дауысты азайтып-күшейтетін, сондай-ақ курсор арқылы ойналып жатқан өлеңді алға не артқа жылжыту мүмкіндігі қарастырылған.

Толығырақ:

Сонымен, солай дейік...

 Осының алдында ғана хабарлағанымдай Қараша айының басында шығармашылық кешім блып өткен еді. Сол кеш өтердің дәл-ақ алдында Хабар теле-арнасы өздерінің "Сонымен, солай дейік..." бағдарламасының бір түсірілімін маған арнаған болатын. Бүгін соны сіздердің назардарыңызға ұсынудың сәті түсті. Тамашалай отырыңыздар...

You need to a flashplayer enabled browser to view this YouTube video

 

You need to a flashplayer enabled browser to view this YouTube video

 

You need to a flashplayer enabled browser to view this YouTube video